Сенбі, Мам 20, 2017
Home > Желідегі жүйрік ой > “Айдау” сөзінің мағынасын айырып жүрміз бе?

“Айдау” сөзінің мағынасын айырып жүрміз бе?

А Й Д А У

Көріскен кезде сəлемнен соң тіліміздің ұшында тұратыны:

– Не істеп жүрсіз? – деген сауал ғой. Бүгін бір танысыммен кездейсоқ жолығып, осы сауалды қойдым.

– Базарда… арба айдап жүрмін.

Өткенде бір бойжеткен “Көлік айдауды үйреніп жүрмін” деп еді. Кеше бір журналист қарындасымыз “Велосипед айдағанды ұнатамын” депті.

Бұл неғылған бітпейтін көп “айдау” деп қайран қалдым!

Тіліміз шұрайлы əрі бай деп мақтанып жатамыз. Уа расында да солай! Алайда соңғы уақытта сол “бай” əрі “шұрайлы” тіліміз жұтаңданып, қарабайырланып бара жатыр.

Болмаса қол арбаны айдамайды, итереді. Көлікті – жүргізеді. Ал велосипедті – тебетін болар.

Ал сонда “Айдайтын нəрсе не?” деп сұрауыңыз да мүмкін. Орынды. Ол – ат арба. Ескертемін: отарба емес – ат арба!
“Қайран, біздің аналар, арба айдаған”. (Мұқағали).

Əйтпесе тағы бірде “Отарба айдап жүрмін”. “Оны кім айтты?” десе, “Мұрат” деп жүрмеңіз.

Əр сөзді орнымен қолданғанға не жетсін!

Бөлісу:

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

86 − = 76