Сәрсенбі, Тамыз 22, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Әліптің артын бағып жүргендер кімдер?

Әліптің артын бағып жүргендер кімдер?

Президент Н.Назарбаевтың жарлығымен 2016 жылы 13 қыркүйек күні Үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалған Иманғали Тасмағамбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, И.Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі Елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы БАҚ пен әлеуметтік желілер кешеден бері жарыса жазып, әркім сан түрлі пайым білдіріп жатыр. Осы орайда “Желідегі жүйрік ой” айдарына ұлт жанашыры, белгілі журналист Жолымбет Мәкіштің facebook-тегі жазбасын ұсынамыз:

“Тасмағамбетовті мақтағым да, даттағым да келмейді. Даттайтын тұсы (биліктің періштесі жоқ) бар шығар, бірақ оның мақтайтын жағы да өте көп екенін анық білемін. Кезінде қол астында жұмыс істедік. Оны биліктің ортасында жүргендердің ішіндегі ұлтына жаны жақын адамдардың бірі санаймын. Аяқ асты елші болып, «командировкаға» кеткенін ел сан-cаққа жорып жатыр екен. Басқасын білмеймін, маған Имекеңмен бірге биліктегі сол бір халыққа «жақындық» та елшіге ілесе кеткендей болып көрініп кетті…  Оның қандай күймен жолға шыққанын да көз алдыма елестете аламын. Билік үшін ондай көзқарастағы адамдар қазір «аутсайдер» сияқты болып тұр ғой. Егер бәрі ТАС-қа қарап тұр десеңдер, Тасмағамбетов секілді (незаменимых не бывает!) тұлғалар билікте де, былайғы өмірде де көп. Бірақ олардың уақыты келген жоқ. Әліптің артын күтіп, ақырын басып жүр. Осындай «жақындарымыз» аман болсын…”

Ал, Сіз қандай пікір білдіресіз?

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation