Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин қызды болды. Бұл туралы боксшының жақын досы, экс-депутат Мұхтар Тінікеев хабарлады. Қыркүйек айының басында Головкин L”Equipe басылымына берген сұхбатында әйелінің жүкті екенін айтқан болатын. – АҚШ-та өзіммен бірге бауырым Максим жүр, себебі ол команданың бір бөлшегі, бапкер. Қасымда әйелім мен балам да бар, ұлым америкалық мектепте оқып, әрдайым қуантып жүр. Әйелім жүкті. Екінші баланы күтіп жүрміз, – деген еді.