Сенбі, Қыркүйек 16, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Геннадий Головкин қызды болды

Геннадий Головкин қызды болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин қызды болды. Бұл туралы боксшының жақын досы, экс-депутат Мұхтар Тінікеев хабарлады. Қыркүйек айының басында Головкин L”Equipe басылымына берген сұхбатында әйелінің жүкті екенін айтқан болатын. – АҚШ-та өзіммен бірге бауырым Максим жүр, себебі ол команданың бір бөлшегі, бапкер. Қасымда әйелім мен балам да бар, ұлым америкалық мектепте оқып, әрдайым қуантып жүр. Әйелім жүкті. Екінші баланы күтіп жүрміз, – деген еді.

 Massaget.kz