Сенбі, Қыркүйек 16, 2017
Негізгі > Сақтансаң, сақтайды > Маңғыстауда тойдан қайтып келе жатқан бір отбасының 7 адамы жол апатынан көз жұмды

Маңғыстауда тойдан қайтып келе жатқан бір отбасының 7 адамы жол апатынан көз жұмды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында бір отбасының 7 мүшесі жол апатына түсті.

Қайғылы оқиға 10 қыркүйек күні болды. Toyota Camry қабырғаға соғылған. Апаттан көлік жүргізуші мен 6 жолаушы мерт болды. Қаза болғандардың екеуі жас бала екен.

Көлік қатты майысқандықтан ішіндегі екі адамның денесін арнайы техникалық құралмен шығаруға тура келді.

Куәгерлердің айтуынша, көліктегілер екі ағайынды азамат пен әпкесі, оның балалары. Олар тойдан қайтып келе жатқан.