Сириялық қаруланған оппозиция өкілдері Сириядағы ахуалды реттеу бойынша кезекті кездесуге қатысу үшін Астанаға келуі мүмкін, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
“Қазақстанның консулдық мекемесіне сириялық қаруланған оппозиция өкілдері елге кіру визасын алу туралы өтініш берген. Демек, өткен жолғыдай сириялық оппозиция өкілдері келесі келіссөздерге белсене қатысатын болады”, — деді Әбдірахманов тілшілерге.
Оның айтуынша, Иорданияға жақын Оңтүстік фронттың өкілдер тобы келеді, сонымен бірге бітімгерлік режиміне қосылып, астаналық процеске әу бастан ат салысып жүрген топтар да кездесуде болады.