Теміртауда пәтердегі өрттен бүлдіршін мерт болып, 3 адам жансақтау бөліміне түсті. Қарағанды дәрігерлері бүтін бір отбасының өмірі үшін арпалысып жатыр. Теміртауда пәтерде болған өрттен 4 адам ес түссіз шығарылса, отбасының 5 жастағы кенже қызы ауруханаға жетпей демі үзілген. Өткен түнде пәтердегі диван бықсып, қою түтін баспана түгілі подъезді алып кеткен. Көрші қолаң далаға қашып үлгеріп, өрт сөндірушілерді шақырған. Олардың айтуларынша, отбасы пәтерді жақында ғана жалдап, тұрып жатқан. Болжам бойынша, тілсіз жау сөнбеген темекі тұқылынан тұтанған болуы мүмкін. Авторы: Айнұр Абдиева