Түркістан -1867 жылы Сырдария облысы құрамында болған.Негізгі халқы қазақтар мен өзбектер болды.Түркістан Уезі ашылғын кездегі қазақтар саны 61400 адам болса, өзбектер – 9905, орыс – 270, татар – 67,еврей – 61 болған.Түркістанда 1878-1880 жылдар жұт болған.Соның салдарынан үдерге жаппай көшу болды.Содан 1884 жылы 44321 адам ғана қалды.1886 жылы Түркістан Уезі таратылып аумағы Шымкент пен Петровск Уездеріне қосылып кетті.
Түркістан қазіргі кезде дүние жүзіне танылып тұрған қалалардың бірі.Себебі, екінші Мекке Мадина атанған Қожа Ахмет Йасауи орналасқан. Бұл жерге дүние жүзінен адамдар ағылып келіп жатады. Қ.А.Йасауи XIV-XV ғасырлар аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі. Қожа Ахмет Ислам дінінің көрнекті өкілі арі уағыздаушы әрі ақын. Кесене Түркістан қаласының дәл ортасында орналасқан. Жазба деректерге қарағанда, кесенені салуға Әмір Темір 1397 жылы бұйрық берген. Күнбезді салғызудағы басты мақсаты Қ.А.Йасауидің мұсылмандар арасындағы зор беделі арқылы пір тұтушылардың сеніміне ие болып өз жағына тарту болды. Залдың ортасында 1399 жылы жасалған үлкен тайқазан тұр.Бөлмелердің ішіндегі негізгісі – кітапхана.Оңтүстік жағында үлкен ақсарай, кіші ақсарай бар. Олардың ішіне атақты адамдар жерленген. Басты бөлме-көрханада Ахмет Йасауидің мүрдесі қойылған. Кесененің биіктігі -17,5 метр.Үлкенді кішілі бөлмелер саны – 35