Димаш Құдайберген тағы бір Қытай жобасына қатысты. Тек бұл жолы қатысушы ретінде емес, үміткерге қолдау көрсетуші қонақ ретінде, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы Димаштың өзі желідегі парақшасында хабарлады.
“Бүгін “The voice” жобасының аналогы “The coming one ” бағдарламасының қатысушысы Victor Ma деген тамаша репермен қонақ ретінде өнер көрсеттім. 1 -орын алды. Жеңісіңмен құттықтаймын, досым!” – деп ақ тілегін жолдады Димаш.
Бұдан кейін әнші жоба барысында айтқан әнінің видеосын жариялады. Өз кезегінде тыңдарман қауым Димаштың кез келген әнге сән беретінін жарыса жазып жатыр.