Гонконгтық әйел 10 қыркүйек күні Даосис ғибадатхананың 600 градустық үлкен ыстық пешіне құлап, аман қалды.
Синьхуа ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, оқиға орнына 4 минутта жеткен құтқарушылар әйелді аман алып қалған. Өрт сөндіру машинасы сумен пештің температурасын төмендетіп, үш құтқарушы әйелді пештің ішіне кіріп алып шыққан. Құтқару жұмыстары небәрі 3 минутта жүргізілгенімен, әйел қатты күйіп қалған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Сондай-ақ, үш құтқарушы да түрлі деңгейде күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Жергілікті полицияның айтуынша, әйел өз-өзіне қол жұмсамақшы болуы мүмкін. Айта кетейік, Қытайдың Даосистік нанымы бойынша, дүниеден өткен адамдардың туыстары ғибадатхананың арнайы пеші «Хуа Баулу (化宝炉)» арқылы тасаттық береді.