Бейсенбі, Қыркүйек 14, 2017
Негізгі > Заман-ай! > Өрмекші-қыз ауыр дертіне қарамастан кәсіби биші болды (фото)

Өрмекші-қыз ауыр дертіне қарамастан кәсіби биші болды (фото)

Бойжеткен сирек кездесетін дерттің салдарынан өрмекші-қызға айналды. 32 жастағы Нью-Йорк тұрғыны Тиффани Гейгель дертіне қарамастан кәсіби биші болды.

Ол сүйек ақауымен туған. Дәрігерлер қызға Ярхо-Левин диагнозын қойған. Бала күніне биші болуды армандаған Тиффани ақырында мақсатына қол жеткізді.

3 жасынан бастап биге қатысып, 1,2 метр аласа бойына қарамастан 32 жасында кәсіби биші болды. Биші қыз көрермендерін ерекше ептілігімен таңғалдырды.

«Бала кезімде мені ешкім мазақ қылған жоқ. Бірақ көшедегілер маған үңіле қарап күле беретін.  Мен өз арманымның арқасында осы күнге жеттім», – дейді Тиффани.

Биші қыз институтта оқып, бакалавр дәрежесін алды. Ол 5 жас пен 18 жас аралығындағы қыздарға би үйретеді. Өзінің айтуынша, шәкірттері оған кәсіби маман ретінде қарайды. Тиффани байқауларға кәсіби биші ретінде қатысады. Адамдар оның мүгедек екенін ұмытып, өнеріне тамсанып жатады.

Тиффани балет, пуль, кранк, джаз бен сальса билейді.

«Үйге дене бойым қатты ауырсынып қайтам. Бірақ биден бас тартпаймын. Дәрігерлердің ескертпесін қатаң сақтаймын. Қиналып бара жатсам, үзіліс жасаймын», – дейді Тиффани.

Бойжеткен осылайша мүмкіндігі шектеулі жандарды жігерлендіргісі келеді. Арманға жету жолында аянбауға кеңес береді

stan.kz