Алматы облысында 2016 жылдың қаңтар-шілде аралығында 263,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде аймақ әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев баяндады, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.
«Инвесторлармен өзара әрекет жасау – бұл біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Облыста 2016 жылдың басынан бері 269,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл бюджетке салық түсімінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, демек, республикалық бюджеттен алынатын экспорт пен жәрдемқаржы көлемінің үлесін азайтады, сондай-ақ облысты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді», – деді әкімнің орынбасары.
Осы жылдың 7 айында 14 269 жұмыс орны ашылды. Өткен жылы инвесторлардың арқасында Көксу ауданында тоқтап тұрған қант зауыты қайта іске қосылды. Биыл жаңғырту жүріп жатыр, сондай-ақ Ақсу қант зауытын қайта іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Осылайша, Алматы облысы болашақта елімізді қантпен қамтамасыз ету үшін, тіпті экспортқа шығару үшін бар мүмкіндікті сәтті пайдаланып отыр», – деп қорытындылады Б. Өнербаев.