Аса таяғымен «Аттан қазақтап» жүретін Амантай қажы жас бойжеткенді тоқалдыққа алды,-деп жариялады танымал журналист Мұхит Сапарбаев өзініңInstagram парақшасында.
Ол, тіпті, Амантай қажының жас бойжеткенмен түскен суретін салып: “Амантай Қажы Асылбек ақыры өзіне тоқал тапты. Атышулы “күрескердің” соңғы махаббаты. Осы сенбіде on.tv арнасындағы жаңа жобадан көріңіздер”, – деп жариялады.
Оның жаңа жобасы “Главные герои” деп аталады. Бағдарламаның осы сенбіде болатын санында Амантай қажы жас тоқалын елге таныстырып, тоқалы Амантай қажыға деген сезімі туралы айтады.
Амантай қажы – “Аттан, Қазақстан!” қозғалысының жетекшісі, “Невада-Семей” қозғалысының негізін қалаушылардың бірі.
Енді қажы ел демографиясының жоғарлауына үлесін қосқалы жүрген сияқты.