Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Б.Ә.Сағынтаевты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Bnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын», – делінген Жарлық мәтінінде.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің міндеттерін уақытша атқару Бақытжан Әбдірұлына жүктелген болатын.
Бұрынғы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген.
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген (1985), экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.
- 1985 жылдан – Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
- 1988 жылдан – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
- 1992 жылдан – коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
- 1998 жылдан – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
- 1999 жылдан – ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
- 2000 жылдан – «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
- 2001 жылдан – ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
- 2004 жылдан – ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
- 2007 жылдан – ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
- 2008 жылдан бері – Павлодар облысының әкімі.
- 20 қаңтар—24 қыркүйек 2012 жыл аралығында — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
- 2012 Қыркүйек—2012 қаңтар — «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары.
- 16 қаңтар 2012 жылдан бастап жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
- 2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.