Әнші Диана Шарапова жеңісқұмар боксшы Геннадий Головкин туралы клипін ұсынады. Бұл туралы ол инстаграм парақшасына жария етті. Ал әзірге өнерсүйер қауым назарына ол әннің тизерін салды.
«Геннадий Головкинге арналған клип. Геннадий шын мәнінде ринг королі, заманауи бокс королі, Қазақстанның үздік кәсіби спортшысы, өз мансабы кезінде бірде бір ұрыста жеңіліп көрмеген – мен үшін және бүкіл әлем үшін үлкен тұлға. Ол жайында ән шырқау – мен үшін құрмет», – делінген бейнебаянға түсіндірмеде.
Әнші сондай-ақ ән мәтінін жазған Сержан Қайырбаевқа алғысын білдірген.
Музыкалық клиптің түсірілімі осы жылғы тамыз айында бітіпті.