Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты ҚР премьер-министрі қызметіне тағайындауының себебін түсіндірді, – деп хабарлайды Жерұйыұ сайты Ақордаға сілтеме жасап.
“Бүгін барлық облыс пен Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мен министрлер кабинеті орындауы тиіс жаңа тапсырмаларды бердім. Әлемдегі тұрақсыз экономикалық және саяси жағдайларға байланысты стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру өте маңызды. Үкіметтегілерден барлық бағыт бойынша дұрыс жұмыс істеу талап етіледі. Бақытжан Сағынтаевтың кандидатурасын лайықты деп санаймын”, – деді Назарбаев отырыс барысында.
Айта кетейік, осыған дейін Бақытжан Сағынтаевтың ҚР премьер-министрі болып тағайындалғаны хабарланған болатын. Ал Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды.