Әйелінен шаршаған америкалық түрмеде демалу үшін банк тонаған

09-09-16-tiurmaАҚШ-тың Канзас штатында тұратын 70 жастағы кісі қару асынып, банкке келгенде, ешкімнің өміріне қауіп төндірмеген, сұраған ақшаны алғасын қашып кетпеген. Бұл туралы The Independent газетінен еркін аударма жасаған Жерұйық тілшісі  хабарлайды.

Лоуренс Джон Риппл кассирден сейфтегі барлық ақшаны алып беруді талап етеді. Бірақ, бірден кетпей, кешеуілдеген. Соны пайдаланған банк персоналы тәртіп сақшыларын шақырған.

Банкке полицейлер келгенде, күнәсіз ұрлықшы бірден беріле салады да өзінің бұл әрекетін ақша үшін емес, әйелінен құтылу мақсатында жасағанын айтады. Жетпістегі кісінің жұбайынан әбден жалығып, шаршағаны сондай, одан қашып, демалу үшін түрмеге түскенді жөн санаған.

Ұрлықшының ендігі арманы сот шешімінің түрмеге өмірлік қамауы екен…

Бұл жаңалықты достарыңызға жылдам жариялаңыз:

FacebookTwitterGoogleVkontakteEmail this pagePrint this page Whatsapp


Pin It

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

CAPTCHA Image
Refresh Image

*