Әлемдегі ең үлкен радиотелескоп ашылады

20160909150004

Қытайда көлемі 30 футбол алаңына теңесетін әлемдегі ең үлкен телескоп қыркүйектің аяғында ашылады деп жоспарлануда, деп хабарлады  tjournal  china.org.cn басылымына сілтеме жасап.

Радиотелескоп құрылысы 2011 жылы наурызда басталған. Ол 1,2 миллиард юаньға түсті. Құрылыс диаметрі 500 метрді құраса, ал жалпы алаңы шамамен 250 мың шаршы метрге теңеседі.

Басылым телескоп маңына құрылыс жүргізуге, ағаштар жинауға тыйым салынатынын хабарлады, 25 қыркүйектен бастап заңнамалық шектеулер күшіне енеді.

Сондай-ақ провинция билігі өтемақы төлеумен 9 мыңнан астам жергілікті тұрғындарды орналастырады. Олардың әрқайсысына 12 мың юань  (1,838 мың долларға жуық) төленеді.

Еске салсақ, бұл уақытқа дейін әлемдегі ең ірі телескоп Пуэтро-Рикода болды, оның диаметрі – 300 метр.

Бұл жаңалықты достарыңызға жылдам жариялаңыз:

FacebookTwitterGoogleVkontakteEmail this pagePrint this page Whatsapp


Pin It

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

CAPTCHA Image
Refresh Image

*