ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов еліміздің премьер-министрі болған кездегі қызметі жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Жерұйық сайты .
Кәрім Мәсімов Instagram желісіндегі парақшасына видео салып, былай деп жазыпты: “Премьерліктің 2975 күні, 392 Үкімет отырысы, 80 шетелдік іссапар, 113 еліміздің өңірлеріне жұмыс сапары, қоғам өкілдермен 2000-нан астам кездесу, 300 мыңнан астам км. жол, 503 сағат ұшу”.
Уақыты 60 секундқа жуық видеода Мәсімовтің қызметінде болған маңызды сәттер мен кездесулер, сонымен қатар іссапарларға шолу жасалған.
Естеріңізде болса, осыған дейін Бақытжан Сағынтаевтың ҚР премьер-министрі болып тағайындалған. Ал Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды.