Экспедиция Кейкі батырдың туған жеріне аттанды

20160910101905

Бүгін Астанадан құрамында белгілі ғалымдар мен өлкетанушылар және журналистер бар арнайы топ Арқалық қаласында бастау алатын «Өр Торғай – ерлік мекені» атты экспедицияға қатысу үшін жолға шықты.

Экспедиция биылғы жылдың басты мерекесі – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар, тарихымызда өз орны бар ірі оқиғалардың бірі – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толуына арналған.

Идея бастамашы әрі ұйымдастырушысы – «Тorgay expedition» тобының белсенділері. Экспедиция құрамында ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам белсенділері, журналисттер мен блогерлер бар. Экспедиция қыркүйек айының 11-і күні Арқалық қаласынан сапарын бастайды. Аптаға созылатын экспедиция барысында екі мың шақырым жолды басып өтіп, тарихи маңызы зор отыздан астам нысанға соғып, әйгілі Дулығалы мешітінің басында жезқазғандық делегациямен жолығу жоспарланған.

Сондай-ақ, Әбдіғапар ханның қаны төгілген Зәуре қопасы мен Кейкі туған Байтұмаға қонысына белгі қойылмақ. Және мұның бәрі ұлтжанды азаматтардың демеушілігімен жүзеге асып отырғанын айта кету керек.

null

null

null

Бақытжол КӘКЕШ

Бұл жаңалықты достарыңызға жылдам жариялаңыз:

FacebookTwitterGoogleVkontakteEmail this pagePrint this page Whatsapp


Pin It

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

CAPTCHA Image
Refresh Image

*