• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
Сатира

АҚШАҢ КӨП БОЛСА ҚАЛТАҢ ДА. Аймұханбет Бейсембеков

Желтоқсан 23rd, 2016 Жерұйық comments 88

Халықта қайдағы ақша

Финполиция қызыметкері «Жаңа қазақты» тергеп отыр:

– Сіз үш қабатты коттежді, үш «Мерседесті», Лондондағы қымбат сарайды, екі ресторанды, Астанадағы  алты  қонақ үйін өз ақшама алдым дейсіз. Сонда осыншама қаражат сізге қайдан келген?  Бұл халықтан ұрланған ақша ғой!                                                                                                – Майор мырза! Жөнсіз сұрақ қоймасаңызшы..   Халықта мұндай ақша қайдан болады- деген екен «Жаңа қазақ».

*     *     *

Әкемнің меншігі

Қазақтың  олигархтарының екі кішкентай балсы Маямидегі теңіз жағасында, құмда ойнап отырады. Екі жүгірмек те  әкелерінің байлығын айтып мақтанып отыр.

– Менің әкемнің ақшасының көптігі сондай, Алматыны Алатауымен қосып сатып алып, маған туған күніме сыйламақшы- дейді, бір жүгірмек.

– Онда мен әкеме айтамын, екеуін қосып сатпа –деп, не Алматыны, не Алатауды сат деймін. Өйткені, Алматы да, Алатау да менің әкемнің меншігі-ғой- депті екінші  жүгірмек.

  *   *    *

Күзетшілікке қалдыршы.. 

Қазақстанның  Қазақбай деген олигархы қайтыс болып,  ана дүниедегі ұжымақ пен тозақты сатып алып, өлгендердің пара бергенін ұжымаққа кіргізіп, бермегендерін тозаққа кіргізетін «Қазақбай и К» деген Холдинг ашып, ол жердің иесі жан алғыш Әзірейлді бүткіл командасымен жұмыстан шығарып жіберіпті. Бір күні Қазақбай ұжмақтағы бір сарайынан нөкерлерімен шығып келе жатса, есіктің алдында қолын қусырып иіліп Әзірейл тұр.

– Сен неғып жүрсің бұл жерде, мен сені жұмыстан шығарып едім-ғой.

–  Қаз-еке! Мазаңызды алғаныма кешіріңіз, мені тым болмаса , осында күзетші етіп қалдырыңызшы – деп жалыныпты Әзрейл Қазақбайға.

                                                                                                     *    *   *

Тек жан аламын ..

Қазақтың бір олигархы қатты ауырып, о дүниеге жүрейін деп жатады. Жан алуға Әзрейл келеді. Оны көрген олигарх:

– Сен кімсің? Күзетшілерден қалай өттің? Мен сені қазір қаматамын!

– Кімді-кім қаматады оны көреміз. Алдымен иманыңды үиір. Мен жан алғыш Әзірейлмін! Сенің жаныңды алуға келдім.

– Әз-еке! Жанымды алмашы, жалынамын! Не қаласаң соны берейін.

– Мына бес қабат сарай сенікі ме?

– Иә,менік, соны аласың ба?

– Ана алпыс қабат қонақ үй сенікі ме?

– Иә,менікі, соны аласың ба?

– «Майшелпек» халық аралық банк сенікі ме?

– Иә, менікі, соны аласың ба?

– Атраудағы алты мұнай сорғыш мұнара сенікі ме?

– Иә, менікі ,соны аласың ба?

– Арқадағы алты миллион гектар жер сенікі ме?

– Иә, менікі, соны аласың ба

– Осыншама  байлық  әкеңнен қалды ма?  Қайдан алдың?  Жауап бер сұраққа. Шындықты айт!

–  …  Бәрі алып жатқан соң…  мен де.. ептеп…

–  Ептеген дерің  мынау болса, «ептемегендеріңдікі»   қанша  сонда!  Мұның бәрін халықтың қазынасынан ұрладыңдар -ғой. Сен күнәкәрсің. Тозаққа барасың. Иманыңды үйір, жаныңды аламын!

–  Жан алғыш  Әз-еке! Келісейік. Осының бәрін  сен ал! Тек жанымды ала көрмеші ?!  Жалынамын!…

– Ақымақ! Осынша байлық жинамай, ден саулығыңды күтпедің бе? Байлығың саған арашашы бола алмайды.  О дүние саған пара беріп құтылып кететін сендердің  Қазақстаның емес!  Біде тәртіп қатты!  Мен пара алмаймын, жан аламын! – депті, Әзрейл.

 

 

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Бағалау: 0

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Facebook пікір

Оқуға ұсынамыз:

Сағынтаев Семейге келеді деп…

Еңбек өнімін арттыру үшін не істеу керек?

Жұртыма қызмет етсем дейтін «Жыртұма»

Сағадиев: Биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілінен тест тапсырады

Джейкобс: Головкиннің осал тұстарын біліп алдым

Шекарада ақшасы тәркіленген Ананың жағдайы Алаш жұртын алаңдатып отыр

Алаш астанасында Ленин «тірі» тұр…

Қазақстанның Туы WBC белбеуінде

Өткен аптаның 5 жаңалығы сізге қалай әсер етті?

Ильин: Зілтемірді қайта көтеріп жүргеніме қуаныштымын! (видео)

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Жоғары шығу
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу