ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін жұмыс сапарымен ШҚО орталығына келді.
Сапар мақсаты – ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриалдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, әлеуметтік мекемелерде жүзеге асырылуна назар аудару. Сондай-ақ, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кәсіпкерлермен және қоғам өкілдерімен кездесу жоспарланған.
Сонымен берге, Үкімет басшысы осы сапарында Семей қаласына да ат басын тіреп, ондағы Халықаралық әуежай мен ТЭЦ-1 жылу қазандығының реконструкциялану барысымен таныспақ екен.
P.S.
«Семейге Сағынтаев келеді» деп жергілікті биліктің әбігерге түсіп жатқанына бірнеше күн болды. Барлық күш жол жиегіндегі үйінді қарларды шығаруға жұмылдырылғанымен нәтиже шамалы. Қыс бойы тұмсығы бұзылмаған таптаурын қарлар ендігі мұзға айналып, техникаға оңайлықпен бағынар емес. Оның салдары қаладағы көлік қозғалысын тежеп, жұрт арасында наразы пікірлердің орын алуына ұласып жатыр. Осының бәрі коммуналдық шаруашылықтың қыс бойғы шала қимылының салдары екені анық. Қоғам ортасындағы тағы бір топ: «Премьер-Министрдің қалаға келетіні жақсы болды, әйтпсе осы жолдар сол беті қардан тазаланбай жата берер еді» дейді.
Расында да, солай!
Уже второй день мы мучаемся в пробках из-за экстренной уборки снега. На кольцевых дорогах. На подъездах к мостам. Гордорслужбы работают по графику – с 8.00!!! Это не может не радовать (читай – не бесить)
Опубликовано Ириной Рымановой 15 марта 2017 г.
<<<Толық пікірлерді мына жерден оқи аласыздар>>>
«Жерұйық» – ақпарат