• Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Жазба қосу
  • Блогерлер
Жерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Жазба қосу
  • Блогерлер


توتە   |  қазақша  |   Latin  
Home
Бас баған

ТҰЛПАР-ТАЛЬГО ПОЙЫЗЫНА «АБАЙ ЖОЛЫ» АТАУЫ БЕРІЛЕТІН БОЛДЫ

Қаңтар 18th, 2017 Жерұйық 0 comments 43

Өткен жылдың желтоқсан айында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның президенті, Басқарма төрағасы Қанат Қалиұлы Алпысбаев мырзаға Абай музейі ұжымының ұйымдастыруымен жергілікті әкімшілік және қоғамдық ұйымдардың атынан «Алдағы, 2017 жылы әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы, кемеңгер жазушы, ұлт мақтанышы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толатынын ескере отырып, «Астана-Защита» бағытына қатынайтын №67/68 «Тұлпар-Тальго» поезын «Абай жолы» деп атауды сұраймыз» деген мазмұнда арнайы хат жолданған болатын-ды. Хатқа ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Т.Ибрагимов, «Абай» қорының президенті О.Кәрібжанов, Семей қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Көпбаев, республикалық «Абай» журналының бас редакторы М.Оспанов, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің А.Еспенбетов, А.Исин, М.Кәрімов, М.Түйебаев, М.Мұхамадиев тәрізді т.б. бір топ ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қол қойған.

Көп кешікпей Абай музейінің директоры Болат Жүнісбеков мырзаға жоғарыда аталған ұлттық компанияның Дамыту жөніндегі вице-президенті міндетін атқарушы Д. Нұрмағанбетовтен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес компаниясы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) сіздің №67/68 «Астана-Защита» бағытындағы жолаушылар пойызына «Абай жолы» атауын беру жөніндегі ұсынысыңыз назарға алынып, келісілді. Қазіргі таңда Қоғам тарапынан осы мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда», – деген жауап та келген еді.
Осы мәселе бойынша Астанамен телефон арқылы тілдескенімізде «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының сервистік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Асқар Ахметбеков «Абай жолы» атауымен жолаушылар поезы осы қаңтар айының соңында немесе алдағы ақпан айында қатынайтын болады», – деп хабарлады.
Данышпан Абайдай ұлы тұлғаларды дәріптеу арқылы ұлт мерейін асқақтатып өсіретін осындай игі істер елімізде әрдайым көбейе берсін. Олай болса, «Абай жолы» жолаушылар поезына ақ жол тілеп, асыға күтеміз!

Абай мұражайының баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Бағалау: 0

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Жауап беру Жауаптан бастарту

Желімен кіру : 

Тағы оқыңыз:

Ақын сараның жиенқұлға атастырылуының сыры
Қаңтар 30th, 2017

Ақын сараның жиенқұлға атастырылуының сыры

Әлібек Қуанышбек: Мақсатым – сирек кездесетін дертке шипа іздеу
Қаңтар 30th, 2017

Әлібек Қуанышбек: Мақсатым – сирек кездесетін дертке шипа іздеу

«Алтын адам» қалпына қалай келді?
Қаңтар 30th, 2017

«Алтын адам» қалпына қалай келді?

Міне, қызық! Бала Димаш қандай болды? (ФОТО)
Қаңтар 30th, 2017

Міне, қызық! Бала Димаш қандай болды? (ФОТО)

Димаш"Опера 2" әнімен тағы да таңқалдырды (Видео)
Қаңтар 29th, 2017

Димаш"Опера 2" әнімен тағы да таңқалдырды (Видео)

Жүсiпбек Аймауытов: Қытайдың соғысынан емес, саудасынан қорқу керек
Қаңтар 26th, 2017

Жүсiпбек Аймауытов: Қытайдың соғысынан емес, саудасынан қорқу керек

Түрме хикаяаттары

222banner-vidzhet

Ал, ендеше!

Адамзат алжып бара ма? iPhone-нан құлыптас қойғаны несі?!

Футбол ежелгі түркілер ойыны ма?

Уақытша тіркеуге тұр да, ТЕГІН ШАЙ іш

“Жерұйық” блогерлері


Жерұйық

Айнұр
Таңжарыққызы

Бiржан
Ахмер

Жұмабек
Айқынұлы

Сәтжан
ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Аяулым
Өмірбаева

Болатбек
Барыс

Жолымбет
Мәкіш
Серикбосын Муканов
Серикбосын
Муканов
Ертіс Нұрқасым
Ертіс
Нұрқасым

Сүйеубай
Байқадиұлы

Мейірхан
Мейрамбекұлы

Серік
Әбілқасымұлы

Соңғы пікірлер

  • kairat-sabyrbai - Бетпе-бет
  • Гулсим - “Құдай берген” әншінің айдаһар елін таңқалдырған әні
  • Қайыркелді - Бетпе-бет
  • Гулим - «Жарылғалы тұрған бомбаға» теңеген үйлердің жәйі не болмақ?
  • Самат - «Жарылғалы тұрған бомбаға» теңеген үйлердің жәйі не болмақ?
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Жазба қосу
  • Блогерлер
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу