• Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Жазба қосу
  • Блогерлер
Жерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Жазба қосу
  • Блогерлер


توتە   |  қазақша  |   Latin  
Home
Мәселе

«СЕМЕЙ» ЭТИМОЛОГИЯСЫН ӘЛІ ДЕ ЕКШЕУ КЕРЕК

Қаңтар 24th, 2017 Жерұйық 0 comments 160

Семей қаласына қарасты Көкентау бөктеріндегі түркі дәуірінің тас мүсіндері

Бүгінгі таңда Семей қаласының тұрғындары арасында, жалпы елімізде аса қатты қызығушылықпен талқыланып жатқан өзекті тақырыптардын бірі «Семей» сөзінің шығу төркініне қатысты болып отыр.

Осы сөзге қатысты ең көп таралған тұжырымдардың бірі «Семей» «Семипалатинск» деген сөздің қазақшаға икемделген нұсқасы деген ой. Бұл тұжырым көрнекті шығыстанушы В. Радловтың «Из Сибири» деген танымал еңбегіндегі төмендегідей сөздері негізінде қалыптасуы мүмкін (Әзірге қолымызда бар жазбаша дерек осы ғана болып отыр): «По то сторону Иртыша местность совершенно равнинная, только вдали на горизонте тянется с запада на восток невысокая горная цепь, которую мне назвали Семейтау (Семипалатинские горы)…».

Елбасымыздың пәрмені бойынша Семипалатинскке өзінің тарихи атауы «Семей» есімі қайтарылып берілгенде де, сол қате жасалған тұжырымның негізінде «Семей» атауына қарсы шыққандар болды, ондайлар әлі де бар. Семей атауына қарсы болмасада, «Семей» Семипалаттың ықшамдалған нұсқасы деп санайтын жұртта баршылық.

«Семей» сөзінің этимологиясына қатысты 2000 жылдардан бастап біраз пікірлер айтылып келе жатыр. Солардың ішінде Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамбыл Омарұлының пайымдаулары қызық болып табылады. «Семей» – дейді ғалым ағамыз моңғол тіліндеге «Сүме» (буддистардың құлшылық қылатын кішігірім ғибадатханасы) деген сөзден шығуы керек. Жоңғар ойшылы Заяпандита осы Ертістің бойындағы сүмеге келуі мүмкін деген ой айтады. Келесі пікірді ұсынған филолог Асан Омаров болатын. Ол кісі «Семей» сөзінің этимологиясына қатысты С. Маловтың «Язык желтых уйгуров» атты кітабынан нақты мысалдар арқылы көрсеткенімен археологиялық зерттеулер нәтижесінде дәлелденбеген тарихи деректердегі мәліметтерді осы Семей қаласымен байланыстырып жібереді. Осы себепті ол кісінің ғылыми ойлары тарихшы мамандар тарапынан қабылданбай жатады.

Семей қаласының оңтүстік-батысындағы Семейтау тауларында анықталған «мұртты» обаның ғарыштан түсірілген суреті

Осы ретте «Семей» этимологиясына қатысты өзімнің кейбір ойларымды білдіргенді жөн санап отырмын. Әрине, бұл нақты, әрі соңғы тұжырым емес, жаңадан табылған материалдар негізінде толықтырылып, түзетілуі мүмкін. Ғылыми қауым жағынан осыны күтеміз. Содан:

  1. С. Малов өзінің 1957 жылы «Язык желтых уйгуров» атты монографиялық еңбегінде «Семе», «Семей», «семі» деген ұйғыр сөздеріне ғибадатхана мағынасын береді, кейіннен бұл сөз моңғол тіліне «сүме» түрінде өткендігін көрсетеді. Назарбаев Университетінің профессоры Орталық Азиядағы буддизмнің білгір маманы Николай Цыремпилов айтуы бойынша «сүме» ұйғырлардан моңғолдарға енген сөз болып табылады. Бұл деректер Жамбыл ағамыздың Семейдің сүмеден шыққан деген пікірін терістейді. Бұл бағытта зерттеулерді тереңдете түсу керек деген ойдамыз. Бұл тарихшылардың міндеттерінен гөрі тіл мамандарына тиесілі сала болып табылады және бұл зерттеулерді солардың еншілеріне қалдырғанды жөн санаймын.
  2. Семейге келген орыс офицерлері мен саяхатшылары жазып кеткен «Жетішатыр» шын мәнісінде жоңғарларға тиесілі ма деген сұрақ туындайды. Миллердің жеті шатырдың қасынан құлап жатқан тас мүсін көрдім деп қалдырып кеткен жазбасы мен И. Армстронгтың 1850 жылдары жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер бұл ғимараттардың қимақ дәуірінде қызмет еткендігін көрсетеді. Оның дәлелі өткен ғасырдың 50 жылдары Семейге іргелес жатқан Павлодар облысында зерттеу жұмыстарын жүргізген Е. И. Агеева мен А. Г. Максимованың қазбаларынан бұрғыланып тесілген дәл И. Армстронг тапқан моншақтай моншақтардың табылуы. Моншақтың мұндай түрлері Х-ХІІ ғасырлармен мерзімделетін Батыс Сібірдегі Басандай қорымы материалдары бойынша белгілі. Бұл мәліметтер Г. Ф. Миллердің жазбасы мен И. Армстронгтың қазбасы нарративті деректерде кездесетін Ертіс бойындағы қимақ қалалары мен қимақ мәдениеті туралы ақпаратты жанама түрде қуаттай түсетін дерек болып табылады. Осы орайда, Семейдің Ертіс маңындағы қимақ дәуірінің ескерткіштерін тауып, зерттеудің маңыздылығы арта түсуде.
  3. Жоғарыда «Семей» сөзінің мағынасы ғибадатхана, діни рәсімдерді атқаратын орын екендігін атап өткен едік. XVIII-XIX ғғ. дейін Буряттық, моңғолдық буддистар «сүме» деп кішігірім храмдарды атайтын болған. Біздің ойымызша бұндай түсінік «Семей» сөзінің сары ұйғыр тілінен мағынасымен бірге моңғол тіліне еніп кеткендей. Себебі ежелгі түркілерде тасмүсін орнатылған қоршаулар көлемі жағынан шағын ғана болып келеді. Әрі ол жерде діни рәсімдер тек белгілі оқиғаға (ас беру, еске алу) байланысты ғана өткізілетін болған.
  4. 2014-2016 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық зерттеулер барысында Семейдің оңтүстік-батысындағы ұсақ шоқылы Семейтаудың Семейге қараған бетінен 6 «мұртты» обаны анықтадық. Ғылыми әдебиеттерде «мұртты» обалар көне замандарда құлшылық ету орындары болған деп жазылады. Ал негізгі обаға «мұрттардың» жапсарлана салынуын ғұн, түркі дәуірімен байланыстартын да ғалымдар бар. Себебі «мұртты» обаларда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде табылған заттардың мерзімделуі сол ғұндар мен ежелгі түркілер дәуірі екендігін көрсетіп отыр. Обалардағы «мұрттардың» мерзімделуіне қатысты пікір қайшылықтары бар, бұл әлі де зерттеуді қажет ететін қазақстан археологиясының өзекті тақырыптардың бірі. Бірақ, «мұрттардың» діни-рәсімдік функционалды қызметі туралы ғалымдар арасында пікірталас жоқ.
  5. Бұл шағын жазбамызда біз Семейдің көне тарихынан сыр шертер басқада мәліметтерді келтірмедік. Тек «Семей» сөзінің этимологиясына қатысты кейбір ойларымызды айттық және сол ойларымызды қолымызда бар археологиялық мәліметтер негізінде дәлелдеуге тырыстық.
  6. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей «Семей» сөзі байырдан бері қолданыста бар, мүмкін ол ғұндардан бері қолданылып келе жатуы да мүмкін. Ислам мәдениетінің ықпалынан көптеген көнетүркі сөздері сияқты қолданыстан шығып қалады. «Семей» сөзін араптын «мешіт», араб пен парсы сөздерінің қосындысынан туындаған «ғибадатхана» сияқты сөздері алмастырған.
  7. Оқырман қауымды жалықтырып алмау мақсатында негізгі ойларымыздың сығындысын ғана бердік

Айдын Жүнісханов,

Археология және этнология магистрі.

Астана қаласы.

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Бағалау: 0

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Жауап беру Жауаптан бастарту

Желімен кіру : 

Тағы оқыңыз:

Астанада қысқы универсиада алауы жағылды
Қаңтар 26th, 2017

Астанада қысқы универсиада алауы жағылды

Аумағы жағынан ең үлкен қала жайлы бейнебаян пайда болды
Қаңтар 26th, 2017

Аумағы жағынан ең үлкен қала жайлы бейнебаян пайда болды

Сенесіз бе: Денесіне Құран жазуы пайда болыпты
Қаңтар 26th, 2017

Сенесіз бе: Денесіне Құран жазуы пайда болыпты

Тоқаев Назарбаевтың үндеуіне үн қосты
Қаңтар 26th, 2017

Тоқаев Назарбаевтың үндеуіне үн қосты

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қаңтар 26th, 2017

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі
Қаңтар 26th, 2017

Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі

Түрме хикаяаттары

222banner-vidzhet

Ал, ендеше!

Адамзат алжып бара ма? iPhone-нан құлыптас қойғаны несі?!

Футбол ежелгі түркілер ойыны ма?

Уақытша тіркеуге тұр да, ТЕГІН ШАЙ іш

“Жерұйық” блогерлері


Жерұйық

Айнұр
Таңжарыққызы

Бiржан
Ахмер

Жұмабек
Айқынұлы

Сәтжан
ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Аяулым
Өмірбаева

Болатбек
Барыс

Жолымбет
Мәкіш
Ертіс Нұрқасым
Ертіс
Нұрқасым

Сүйеубай
Байқадиұлы

Мейірхан
Мейрамбекұлы

Серік
Әбілқасымұлы
Серикбосын Муканов
Серикбосын
Муканов

Соңғы пікірлер

  • kairat-sabyrbai - Бетпе-бет
  • Гулсим - “Құдай берген” әншінің айдаһар елін таңқалдырған әні
  • Қайыркелді - Бетпе-бет
  • Гулим - «Жарылғалы тұрған бомбаға» теңеген үйлердің жәйі не болмақ?
  • Самат - «Жарылғалы тұрған бомбаға» теңеген үйлердің жәйі не болмақ?
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Жазба қосу
  • Блогерлер
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу