• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
Галерея

Сегізінші наурыз селт еткізбес, тауқыметшіл, тырнақтай тіршілікті

Наурыз 6th, 2017 Жерұйық comments 135

«Сурет сөйлейді» деген осы. Ақынның сезімнен соққан картинасы да құдірет қой. Фотограф  қарашығындағы нысананы ақын қаламының ұшы тіптен жандандырып жібергендей. Егер  осы суретке осындай өлең жазылмағанда, расмен де “селқос қана қараймыз” да тынушы едік. Көмескіні көргіш, бұлдырды сезгіш ақынның жүрек көзімен боялып, адал саусақтарымен ақтарылған әр туынысы – бір сурет, мың тағдыр болуы да мүмкін. 

Төмендегі «Еңбекші қыз» өлеңі де қазақ қоғамындағы анау Мүсірепов, Әуезовтерден жалғасқан  балалығын еңбекке ұрлатқан ару-аналардың қайсар образын тарих беттерінен жұлып әкеліп алдыңа қояды екен.

Иә, көктемнің алғашқы күндері, арулар мерекесі – тіршілік атаулыға ерекше серпіліс берері сөзсіз. Тау суындай, таудан тулаған көктемгі қар суындай Әділбек Ыбырайымұлының шабыты да көрініс бере бастады. Ақын төмендегі өлеңін күллі адамзат аруларына арнағаны сөзсіз. 

БАЛАЛЫҒЫҢ ЖОҒАЛҒАН…

Кіп-кішкентай
Бейнетшіл,
Еңбекші қыз.
Ерініңнен кетпеген жөндеп те уыз.
Қоғам мынау қатыбас,
Көз үйренген,
Селқос қана қараймыз немкетті біз.

Кім екенін білмейміз есімі енді,
Қаршадай боп өмірдің көшіне енді.
Болар-болмас қалжаңмен,
Өзің таптың,
Күнделікті тиісті несібеңді.

Арқалаған себетті түрің қандай?
Ет-жүрегім еріксіз
Жырымдалды-ай…
Сәбилігің есіңнен шыққан қаш-а-ан,
Балалығың жоғалған шырын, балдай…

Жүрген жоқпын осылай кезінде мен,
Тасбауырлық туа сап сезінбегем.
Алғым келді көтеріп жерден сені,
Кеудем менің уылжи езілгеннен.

Киіміңе, бетіңе кір сіңіпті,
Сені көріп талай жан түршігіпті.
…Сегізінші наурыз селт еткізбес,
Тауқыметшіл,
Тырнақтай тіршілікті.
Күлімдейтін көктем де күрсініпті…

Фото Әділбека Ыбырайымұлы.

Әділбек Ыбырайымұлы

2017 жылғы 6 наурыз

 

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Бағалау: 0

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Facebook пікір

Оқуға ұсынамыз:

Сағынтаев Семейге келеді деп…

Еңбек өнімін арттыру үшін не істеу керек?

Жұртыма қызмет етсем дейтін «Жыртұма»

Сағадиев: Биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілінен тест тапсырады

Джейкобс: Головкиннің осал тұстарын біліп алдым

Шекарада ақшасы тәркіленген Ананың жағдайы Алаш жұртын алаңдатып отыр

Алаш астанасында Ленин «тірі» тұр…

Қазақстанның Туы WBC белбеуінде

Өткен аптаның 5 жаңалығы сізге қалай әсер етті?

Ильин: Зілтемірді қайта көтеріп жүргеніме қуаныштымын! (видео)

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Жоғары шығу
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу