2017 жылдың басынан бастап қазақстандықтар жалпы сомасы 114 млн доллар болатын 4,9 мың жаңа автокөлік сатып алды. Бірақ бұл 2016 жылдың ақпан айындағы көрсеткіштен 26,1 пайызға төмен деп хабарлайды «ҚазАвтоӨндірістің» баспасөз қызметінен.
Ақпан айында қазақстандықтар жаңа автокөлік сатып алуға 62 млн доллар жұмсаған. Оның 73 пайызы шетелдік, ал 27 пайызы қазақстандық көліктер.
Сұранысқа көп ие болған Lada автокөлігі. Бір айда 467 көлік сатылған. Екінші орында Toyota – 465 дана, ал үшінші орында 238 дана сатылыммен Renault маркасы тұр. Бестікті Ravon (159 көлік) мен Hyundai (154 көлік) аяқтайды.
Нақты модельі бойынша Toyota Camry седаны алдыңғы қатарда. Сатылым саны – 186 автокөлік. Одан кейін Lada – Largus (164 авто) және Lada 4х4 (135 авто). Төртінші тұрған Ravon Nexia (126 авто) және бесінші орында Volkswagen Polo (118). «ҚазАвтоПром» басқармасының төрағасы Олег Алферовтың айтуынша, автонарықтағы жақсы динамикаға төменгі бағадағы ұсыныстың артуы да себеп болды.
Айта кетейік, 2016 жылы қазақстандықтар жаңа автокөлік сатып алуға 900 млн долларға жуық қаражат жұмсаған.