• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
Руханият

Жаһұт жырлары жарыққа шықты

Наурыз 17th, 2017 Серік Әбілқасымұлы comments 1

Жұмақан Қабдешұлы Әубәкіров

Республикаға белгілі аграр-фермер, өңіріміздің қолы ашықтығымен аты шыққан Атымтай Жомарт мецанты, Бородулиха ауданның Құрметті Азаматы Жұмақан Қабдешұлы Әубәкіров ағамыздың Алматы қаласындағы «МАП» баспасынан шыққан «Край родимый мой», «Оставить добрый след», «Я вопеваю…» трилогиялық жыр топтамасының тұсаукесері Бородулиха аудандық орталық кітапхананында орын алды.

Әрқайсы 100 дана таралыммен шыққан бұл кітаптарды белгілі баспагер Асқат Әнуарбекұлы басып шығарған екен. Ол өзіне 500-ге жуық өлеңін алып келген Жұмақан ақынмен қалай танысқанын айта келе, өлеңдерді қолға алған соң шайырдың табиғи таланты мен суреткерлік болмысына тәнті болғанын жырдай қылып айтып берді.

Өйткені, баспа иесі Асқат Әнуарбекұлы бұған дейін де өңірімізге белгілі Сейітмұхамет Тәбәрікұлы, Бахтияр Бейсенов сынды бірпара қаламгерлердің кітабын өз баспасынан демеушілікпен шығарып, авторларына тарту еткен. Бұл жолы сол дәстүрдің тағыда бір рет «Край родимый мой», «Оставить добрый след», «Я вопеваю…» трилогиялық жыр топтамасы арқылы өлеңді қадір тұтар жұртқа жол тартқандығының куәсі болдық.

Аймағымыздың әр түпкірінен келген ақынның Үміт Эфендиев, Григорий Кириченко, Оралғазы Байжанов, Рыскүл Атаева, Сергей Гальченко, Татьяна Бычковская сынды достары оның өмірілік, азаматтық әм шығармашылық кредосы мен позициясы жайында салиқалы да, ғибратты әңгімелерді жиналған қауымға кеңінен көсілте паш етті.

Біздің «Аудан тынысы-Пульс района» редакцияның қызметкерлері де баспадан енді шығып, оқырман қауымға жол тартқан жыр жинақтарын парақтаған сәтте ағамызды шығармашылық тұлға ретінде тани түсіп, ақын Жұмақанның тылсымды поэзия әлеміне сүңгиміз. Трилогияға енген 500 жуық өлеңдер терең философиялық толғауға толы азаматтық лирикадан, жеке бастық бір сәттік лып етпе авторлық бастан хал кешуді танытады.

Осылайша, Ұлыстың Ұлы Күні  Әз Наурыз қарсаңында ауданымыздың шығармашылық қоржыны толығып, үш бірдей жаһұт жырмен толықты.

баспа иесі Асқат Әнуарбекұлы

Серік Әбілқасымұлы

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Бағалау: 0

Серік Әбілқасымұлы

Жазба қосу

Facebook пікір

Оқуға ұсынамыз:

Жаһұт жырлары жарыққа шықты

Головкиннің жанкүйері жекпе-жекке 4 миллион теңге бәс тікті

Мемлекет басшысы журналистермен кездесті

Сағынтаев Семейге келеді деп…

Еңбек өнімін арттыру үшін не істеу керек?

Жұртыма қызмет етсем дейтін «Жыртұма»

Сағадиев: Биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілінен тест тапсырады

Джейкобс: Головкиннің осал тұстарын біліп алдым

Шекарада ақшасы тәркіленген Ананың жағдайы Алаш жұртын алаңдатып отыр

Алаш астанасында Ленин «тірі» тұр…

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Жоғары шығу
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу