Сәрсенбі, Қыркүйек 19, 2018
Негізгі > Бас баған > Отанды сүю – оған қалтқысыз қызмет ету

Отанды сүю – оған қалтқысыз қызмет ету

 «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан». Бұл мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың дербестік алған алғашқы сіттен айтып келе жатқан сөзі. Елбасының Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының 1992 жылғы 30 қыркүйегінде салтанатты ашылуында сөйлеген сөзінен, яғни  тәуелсіздікке, егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдың өзінде-ақ айтқан перзенттік жан-тебіренісінен отаншылдық рухы – мен-мұндалап, атой салған еді. Ұлт мемлекеттілігенде «Алғашқы Президент», «Ұлт көшбасшысы» деген халықтық атақ-даңқ Елбасына бұйырып отыр. Келешек Қазақ елі мемлекет басшыларына мұндай аса жоғары мәртебе бұйырмасы анық. Міне, осыған қайтарған ілтипаты екені де хақ. Қазақстанда тұрып жатқан, оны: «Менің жалғыз отаным», «Мен отанымды жан-тәніммен қорғаймын! Қажет болса, отан үшін жанпида – еш ойланбастан жанымды қиямын!», «Менің жеке басым отан үшін садаға!» – дей алатын жаңа ұрпақ өсіп, өнбейінше, «Мәңгілік Ел» қағидасы жалаң ұран болып қала бермек. Әлбетте, біздер бұл тұжырымның нақты іске асуы күнделікті қажеттілік деуден аулақпыз. Дегенмен де, ата-бабалардың қаншама ұрпақтары аңсап, тілерсектен саз кешіп, кей зар замандарда қан-жұтып, соңғы қасық қаны қалғанша жанталасып қорғаштап, ең қастерлі игілік деп, келер ұрпақтарына аманат еткен қазақтың кең саһара даласы мен қонақжайлы қарға-баулы жұрты басқа байлықтың ешбірімен теңгеріле алмайтыны ақиқат. Осынау жерұйықтай отанда алтын құрсақты аналар дүниеге әкелген әр нәрестеден бастап, еңкейген кейуанаға шейін «Кіндік қаным тамған алтын бесігім!», «Өз үйім – кең сарайдай боз үйім!» – деп, жан-дүниесімен тебірену басқа жерде қайдан келсін.

Мемлекеттігіміздің бір нышаны Ән-Ұран «Менің елімнен» басталуы қай-қайсымызға болмасын қастерлі, Жұмекен мен Шәмшіден бастау алған «Менің Қазақстаным» әнін гимнге айналдырған да Елбасымыздың өзі емес пе!

Бүгіндері Қазақстан бүкіл әлем алдында абыройлы, ашық, зайырлы ел. Кім де болса елімізге келе алады және де елдің әр азаматы шет елге емін-еркін шыға алады. Яғни, елден шет ауып көшіп кетемін деген адам еш кедергісіз кете алады (кезінде көптеген адам, тіптен ұлыстар Кеңес одағы көлемінен мәжбүрлі түрде жер аударылып, көшірілген болатын, олардың бүгінгі ұрпақтарының қай-қайсысы болмасын тарихи отанына көшем дегендеріне еш тосқауыл болған жоқ). Бірақ-та, солай бола тұрғанмен, 100 пайыз қоныс аударғандар болған жоқ, біле-білгенге, біріншіден, бұл дегеніңіз еліміздің шынымен де зайырлы ел екендігін көрсетсе, екіншіден, олар үшін де Қазақия жалғыз отан бола алатынының дәлелі. Сөйтіп, Елбасының сындарлы ішкі һәм сыртқы саясатының нәтижесінде, ендігіде «қазақстандық халықтар» емес, «қазақстандықтар» мен «қазақстандық халық» бір мағыналы – синонимдік түсінік болып қалыптасты. Бұл жерде әділеттілік үшін жиырма жыл бұрын құрылған «Қазақстан халқы ассамблеясының» рөлін де айтып кеткен жөн болар. Елбасының тікелей құзырлылығымен дүниеге келген осы құрылым зор абыройға ие болып, біз әңгіме қылып отырған мәселеде шешуші рөл атқарды десек – қателеспейміз. Тіптен, бүгіндері ҚХА халықаралық деңгейде де үлгі тұтарлық ұйымға айналды. ҚХА шет елдерге ертеректе көшіп барып, тұрақтап қалған қандастарымыздың тарихи отанына – елге оралуына да ұйытқы болуда.

Отанды сүю дегеніміз оған әркім өз мүмкіндігінше қалтқысыз қызмет ету. Білдің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қай бастамасын алсаңызда барлық қадамдарының түпкі мақсатында келешекті ойлау, яғни Отанның болашағына жағдай жасаумен ұштасып отырады.

Дәуренбек Әубәкіров, академик. Mike White Authentic Jersey

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation