Сәрсенбі, Мам 17, 2017
Home > 1 > САДАҚБАЕВ АСЫЛХАН СӘКЕНҰЛЫ

САДАҚБАЕВ АСЫЛХАН СӘКЕНҰЛЫ

 

%d1%81%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d2%9b%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2-%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bb%d1%85%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d3%99%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d2%b1%d0%bb%d1%8b-259x300
1995 жылдың 25-қаңтарында дүниеге келген. Жалынды жас ақынның өрнекті өлеңдеріне Алты Алашқа танымал адуынды ақындар жоғары бағасын берді. Қазіргі таңда жас ақын Шәкәрім университетінің 4-курс студенті.

Қалалық, облыстық жыр-мүшәйралардың жүлдегері.

 

 

  ЖАННА ҚЫЗ

Әрқилы сезімді кешіріп,

Біртүрлі боп тұрдық сонда біз.

Жүректен қайғымды көшіріп,

Алдымда тұрдың сен, Жанна қыз.

 

Аспанда бозарып Ай туды,

Алқайтын арманды жарылқап.

Алқызыл ерінге ұмтылды,

Асаулау өмірім арындап.

 

Түндерде ұйқысыз ұзарған,

Аунақшып сағынды жүрегім.

Бір белгі шоқтай боп қызарған,

Түсімде жүр менің гүл ерін.

 

Ақпанда мұздары еріген,

Аққулар қонар ма Ертіске?

Ақ қайың бүршігі сенімен,

Сезімнің бағына бір түссе.

 

Қара Ертіс сырларға ұйыған,

Толқындарын атып төскейге.

Бірдерге айна боп бұйырған,

Айда да сүйісті қос бейне.

 

АЛАШ АРЫСТАРЫ

Сен мені жүректен ат,

Көресің әлемнің ғаламатын.

Ардақтап өтетұғын адалдық адам атын.

Баурап алып барлығын бауырындай,

Қасиетті ұлылық жаралатын.

 

Сен мені жүректен ат,

Көзіңді қанға малып,

Елім деп еңірейді заңғар алып.

Қараңғыдан қазақты біле-білсең,

Жүрекпен жетелегем таңға жарық.

 

Кеудемде не жоқ дейсің, барлығы бар,

Дүбірі бар тұлпардың, жан нұры бар.

Тұғыры бар тегіне байланатын,

Ғұмыры бар, азапты тағдыры бар.

 

Жанымнан ат,

Ыстық қан лапылдасын,

Шарт етіп жарылмаса, жасынға сын.

Қабат-қабат түнекті бұзып өтіп,

Күн болып жарқырайды ақын басым.

 

Сен мені жүректен ат,

Көресің құдіретін,

Өлтіре алмай ит болып түңілесің.

Махаббатты жұлып ап ұлтқа деген,

Өмірді қан жоса ғып бүлдіресің.

 

Ат қанекей,

Бәрібір өлмей қалам,

Қасиетін сезінбес көрмей надан.

Бұл жүрекпен мәңгілік өмір сүріп,

Ажалды осы араға жерлей алам!

 

                 ТҮРКІСТАН

 Жаутаңдап қарайды әлі жыр жанары,
Қасиетіңді ашар ма тіл ғаламы.
Топырағыңды сүюге келіп тұрған,
Құдайы көп жалғанның бір қонағы.

Тұрғам жоқ үнсіз іштен тынайын деп,
Дірілдеп еріндерім сұрайын кеп.
Оу, қазақтың қағбасы, саған келдім,
Кір басқан жүрегімді жуайын деп.

Нұр таратқан жарық Ай түн көзі ме,
Өлмейтіндей көрінем күнде өзіме.
Баянсызын білейін бұл өмірдің,
Бабалардың қарайын күмбезіне.

Мәңгіліктің басыма құй ілімін,
Талақ етіп тастайын жын үйірін.
Жүрегім жер шарына сыймаса да,
Он сегіз мың ғаламның түйірімін.

Қобыз үнді, қыл тағдыр таңын көрем,
Жеңілдеп қалды, шіркін, жаным неден.
Қош аман бол, Түркістан, тек айтарым,
Өлмей тұрып өзіңе тағы келем.

 

               ШАҒАЛА

 

Шағала отыр тереземнің алдында,

Жоқ әлде адасып келіп қонды ма?

Кеше ғана қыз еді ғой ойнап жүрген менімен,

Ал қазір күйеуге шыққалы жатыр жөнімен.

Қызғанышпен қарадым мен тасадан,

Қайтып қалып меселім.

Беу, қарындас, тұмарлы,

Ойнап-ойнап сенімен,

Қандырмадым құмарды.

Енді мұның не сенің,

Той жүргізер асабаң,

Бас құдағи-бас ағаң,

(Бір ақымақ тойыңа,

Тигізбесін кеселін)

Бақытымның бақытын,

Қызғанатын мен емес.

Үйге келсем, төсегім,

Сол шағала кешегім.

Кеудемдегі теңізде,

Сыңсытып жел қурайды,

Жағалауында жанымның,

Адасқан сол шағала,

Бір күрсініп мұңайды…

 

             АТТАНУ ЖЫРЫ

 

Дүрсілдеген кеудемнен жалын атып,

Аузымнан Алты Алашты арындатып,

Саған қарай жортқанда ата жауым,

Мөлдіреп жалт қарайды тауым балқып.

 

Атқанда шығыс жақтан ақ таң нұрлы,

Еліме төндірдіңдер батпаң мұңды.

Сақалын сүйреп жұлған қариялар,

Батасын маған беріп аттандырды.

 

Ар жоғалтсаң адыра қалмақ бәрі,

Анамыз жылап отыр аулақта әрі.

Шырт ұйқымнан оятты сәбилердің,

Ақ найзаға түйрелген аруақтары.

 

Қайраттанып шапса егер көкжал ісі,

Қорғанып бақ келгендер төрді алғысы.

Қалқанымда қазақтың батасы бар,

Алты құлаш найзамда ел қарғысы.

Бөлісу:

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

+ 46 = 51