Сейсенбі, Қыркүйек 18, 2018
Негізгі > Бас баған > Көшедегі көлге, жаяу қалған елге кім кінәлі? (ФОТО)

Көшедегі көлге, жаяу қалған елге кім кінәлі? (ФОТО)

Қала көшелерінің көктем кезінде көлге айналуы жылдағы әдет делік. Олай болса, оның алдын алу шараларына шалағай қарау да жауапты мекемелердің жылдағы әдеті болып шықпақ. Егер шыныменде жылдағы әдет деп бекітсек, біздің қалада ешқандай даму болмағаны ғой. Биыл, тіпті, жылдағыданда кері кеткендейміз. Көктемгі оқиғалардың алдын алғысы келеген басшылық алдымен қысқы қар тазалау жұмысына жете көңіл бөлсе керек еді. Олай болған жоқ. Қаншама үйінді қарлар шығарылмаған күйі қалып қойды. Жүрдім-бардым жұмыс қана істелгені, міне, алдарынан шығып отыр. Көшедегі көллшіктер ешқайдан келген жоқ, жолдың екі жағына сырып тастаған қарлар еріп қайта жиналып жатыр. Оны облыс басшылығы да көздерімен көріп қайтты.

24 науырызда жолаушылар тасымалына қатысты шыққан шуға орай келген ШҚО әкімінің орынбасарлары  Н.Сактағанов пен С.Ақтанов арнайы жиын өткізумен бірге қала жолдарының жағдайымен де танысты. Облыс басшылары жол табандарының тозып кеткенініне түсіністікпен қараса да, жол жиектерінің әлі күнге дейін қасат қардан арылмай жатқанына реніш білдірген. Сол ескертулердің әсері болса керек уақытында тазаланбаған жерлерді енді ломмен ұрғылап әлек болып жатырмыз…

Сонда бұл не, жергілікті атқарушы органдар жоғарыдан нұсқау болғанда ғана қимылдайтынының белгісі ме? Өткен жолы Премьер-Министр Б.Сағынтаев сапары қарсаңында, жолдарды тазалау жедел қолға алынып жатты. Дәл сондай қарқын қыс бойы үнемі жалғасқанда көшелердегі көлшіктер мұншалықты көп болмас еді. Біз көтеріп отырған мәселені жергілікті әкімшілік бізден неше мәрте артық біледі. Бірақ, сол білген межеде неге жүзеге асырмайтындары түсініксіз. Бұдан шығатын қорытынды – жауапсыздық пен қауқарсыздық.

Қалай десекте биыл қыс пен көктем семейліктерге өте көп қолайсыздықтар әкелді. Басқаны айтпағанда қыс бойы таптаурын қардан колея болып жатқан көшелер енді лай суларға көлкіп тұр. Жаяу жүргіншілерді қойып көліктер қатынасын қиындатып жіберді. Соңы қоғамдық көліктер қозғалысының кестеден шығып кетуіне әкеліп соқты. 24 наурыз күні сағат 18 ден кейін бірнеше бағыттың автобустары тоқтап, қаншама жолаушы баратын жеріне жаяу немесе таксимен баруға мәжбүр болды. Билік пен құқық органдары оның себебін анықтағанда жолаушы тасымалдаушылар көше жолдарының қолайсыздығын көлденең тартты. Осы мәселе неше күннен бері талқыланғанымен жаяу қалған халықтың мүддесі ескерілмеді. Сонда неше жүздеген жолаушының еш себепсіз аялдамада автобуссыз қалып қоюына кім кінәлі деген сұрақ жауапсыз қалуда. Жолаушы тасымалдаушылар кінәні жолға сілтеді. Ал, жолдың аянышты күйге жетуіне кім кінәлі? Бұл да үлкен сұрақ…

Жолаушы тасымалдаушылардың 24 наурыздағы әрекеті басында ақпарат көздерінде «ереуіл» деп айтылғанымен, артынан жолдың сапасыздығынан автобустар сынып қалды деп танылды. Сонда, бір сәтте 20 шақты автобус қатар сынып қалған болып шығады. Бұның ақ-қарасы қала прокуроры М.Турубаев атап өткендей осы жағдайға орай нағыз кінәлілер анықтала жатар. Бірақ, еш себепсіз не ешқандай ескертусіз мыңдаған тұрғынның жаяу қалуына, құқығы бұзылуына кім жауапты болмақ? Соншама адамның бәрі бірдей сол кезде такси жалдауға мүмкіндігі болды ма? Мүмкіндігі жоқтардың қаншама шақырым шалшық кешуіне тура келді. Қаншама адамның моральдық құқы бұзылды. Осындай күйге түскені үшін олардан кешірімді кім сұрауы керек?

Жолаушыларымызды және жолаушы тасымалдаушыларды осындай жағдайға итермелеген не жағдай. Біздегі мәселелер міндетті түрде халықтың жүикесін жұқартып барып шешілуі керек пе?

«Жерұйық» – ақпарат

 Taven Bryan Jersey

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation