Дүйсенбі, Мам 15, 2017
Home > Экономика > Асқар Мамин Астана қаржы орталығы комиссиясының төрағасы болды

Асқар Мамин Астана қаржы орталығы комиссиясының төрағасы болды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөніндегі Комиссия құрылды. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативті-кеңесші орган болады.

Комиссияның жұмыс органы – Қаржы министрлігі.

Комиссияны ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Мәмин А.Ұ. басқарады. Комиссия құрамына ҚР Қаржы министрі Сұлтанов Б.Т., АХҚО Басқарушысы Келімбетов Қ.Н., және министрліктер, Астана қаласы Әкімшілігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері кіреді.

Комиссияның мақсаты үздік әлемдік тәжірбиені, оның ішінде ағылшын құқығының қағидаттары қолданылатын, жеңілдікті салық салынатын және тәуелсіз қаржылық соты бар тәжірбиені ескере отырып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының табысты қызметін қамтамасыз етудің салааралық және ведомствоаралық мәселелері бойынша міндеттерді іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Жаңадан құрылған Комиссияның негізгі мақсаттарының бірі Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуды және қаржы орталығы базасында көрсетілетін қаржылық қызметтерді дамытуды ынталандыратын нормативтік құқықтық актілер және өзге де құжаттамаларды әзірлеу.

naryk.kz

Бөлісу:

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *