Сейсенбі, Мам 23, 2017
Home > Жаңалықтар > Ел-жер > Ішегі ақтарылып туған бала тірі қалды

Ішегі ақтарылып туған бала тірі қалды

Ақмола облысының Степногорск қаласында дүниеге келген Сергейді көрген дәрігерлер шошынып қалған. Жаңа туған сәбидің ішкі құрылысында туа бітті ақау пайда болып, оның шектері сыртқа шығып қалған. Алайда келіншектің аяғы ауыр кезде түсірілген УЗИ қорытындысы ешқандай кемістікті көрсетпеген, деп хабарлайды Qasym.kz.

«Менің ұлымның денсаулығы туралы есту өте ауыр болды. Бірақ оны тастап кету туралы мүлдем ойлаған да жоқпын. Үнемі қасында болдым. Күн сайын дәрігерлермен сөйлесіп тұрдым», – дейді Сергейдің анасы Евгения.

Дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Өйткені мұндай ауытқумен дүниеге келетіндердің саны аз. Бұған дейін елімізде осыған ұқсас төрт оқиға тіркеліпті. Бірақ олардың ешбірі тірі қалмаған. Алайда Сергей төзімді болып шықты. Оған жасалған операция сәтті аяқталды. Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бар болғаны денесінде кішкентай ғана тыртық қалады.

Бөлісу:

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

+ 54 = 60