ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенша жағдайлар комитеті елімізде күн суытуына байланысты дабылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжауынша, Астана қаласында 17-18 мамыр күндері түнде топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.
17 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
18 мамырда түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік болады.
17-18 мамырда түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, 19 мамырда кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік жүреді.
17-19 мамырда түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік жүреді.
17 мамырда нөсер жаңбыр жауып, Оңтүстік Қазақстан облысы өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін.