Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының жетінші кезеңінде қазақтың халық әні “Дайдидауды” ҚазҰӨУ ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен шырқады, – деп хабарлайды “Жерұйық” жастары.
“Дайдидауды” Димаштың төлқұжатына айналған ән десе де болады. Себебі, осыған дейін ол осы әнмен Халықаралық “Славян базары” байқауында бас жүлдені олжалаған болатын.
Бұл кезеңде Димаш Құдайберген 3-орынды қанағат тұтты.
Айтпақшы, “Ұлт порталының” ақпаратына сүйенсек, Қазақ Ұлттық Өнер академиясындағы сүйемелдеген өнерлі жастар – әншімен бірге оқитын студент достары екен.