• Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Жазба қосу
  • Блогерлер
Жерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Жазба қосу
  • Блогерлер


توتە   |  қазақша  |   Latin  
Home
Тарих

Ертіс өзені атауының пайда болуы

Қаңтар 17th, 2017 Айнұр Таңжарыққызы 0 comments 109

Қыпшақтардың пайда болуы туралы мынадай аңыз бар.

Ертеде ноғай халқының билеушісі қайтыс болып, екі ұлы мұрагер болып қалады. Үлкен ұлы ақылды, мықты болыпты да, елдің тізгінін өз қолына алады. Ал кіші ұлы ханзада – шад болып тағайындалады. Алайда кіші ұлы ағасының билікті қолға алғанын қызғанып, оның өміріне қастандың жасайды. Қастандығы жүзеге аспай, күң әйелдердің біреуін алып қашып кетеді. Жазиралы даланы ұзақ кезеді. Бір күні суы мол өзенге жетеді. Өзеннің балығы көп, орманы да құстарға толы екен. Олар осында аң аулап, тамағын тауып күнелтеді. Біраз уақыт өткен соң, жолы болғыш аңшы туралы қауесеттер ноғайлардың да алыс туыстарына жетеді. Содан олардың қатары Ими, Имек, Татар, Баяндер, Қыпшақ, Ланиказ, Аджлад деп аталатын жеті адамға толығады.

Шад еркіндікті сүйген, ал бұл жеті адам өз қожайындары – ғұндарға қызмет еткен, мал баққан. Малдың көптігі сондай, бүкіл шөпті оттап тауысады, ал табыншылар Шад отбасымен тұратын өзеннің арғы жағына өтеді. Ер адамдар Шадтың үйіне келгенде, әйелі есік алдынан шығып: «Ер, түс!» «Тоқтаңдар, адамдар, егер жақсы ниетпен келіп тұрсаңдар» деген. Осылайша өзен «Ертіс» деп аталып кеткен.

Ертіс өзені Моңғолиядан басталып, Хаара-Улус-Нор көлінен ағып шығады. Көлден шығып, Қобда өзеніне құяды, одан әрі Қытай аумағымен ағып, Алтайға дейін жетеді, ол мұнда Қара Ертіс деп аталады, Зайсан көліне барып құяды. Зайсан көлінен шығып, Семей, Павлодар, Омбы қалаларынан өтіп, Тобылға қосылады, одан Ханты-Манси ұлттық округіне дейін жетіп, үлкен Сібір өзені Обьқа құяды. Соңында Солтүстік Мұзды мұхит суына қосылады.

Жеті жігіттің есімдері Ими, Имек, Татар, Баяндер, Қыпшақ, Ланиказ және Аджлад түркі руларының негізі болады, ежелгі заманда осы ұлы өзеннің жағасында өмір сүрген орал-алтай және түркі-моңғол тайпалары мен халқының атауына сәйкес келеді. Ертіс топонимі Орхон-Енисей сына жазбаларында 6-7 ғасырларда тіркелгендіктен, осы гидроним біздің дәуірімізге дейінгі 4-5 ғасырларда қолданылған. «Ертіс» сөзінің шығуына кемінде екі жарым мың жыл болған. Бұл туралы М.Қашқари «Түркі тілінің сөздігі» еңбегінде (11 ғасыр), орыс ғалымдары П.П.Семенов, шығыстанушы академик В.В.Бартольд, араб тарихшысы Әль Гардизи, осы заманғы ғалымдар А.П.Дульзон, Э.М.Мурзаев және Р.Рамстедт жазған.

 

Орынбай Жанайдаров,

«Қазақ жерінің 100 аңызы» кітабынан

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Бағалау: 1

Айнұр Таңжарыққызы

Жазба қосу

Жауап беру Жауаптан бастарту

Желімен кіру : 

Тағы оқыңыз:

Ақын сараның жиенқұлға атастырылуының сыры
Қаңтар 30th, 2017

Ақын сараның жиенқұлға атастырылуының сыры

Әлібек Қуанышбек: Мақсатым – сирек кездесетін дертке шипа іздеу
Қаңтар 30th, 2017

Әлібек Қуанышбек: Мақсатым – сирек кездесетін дертке шипа іздеу

«Алтын адам» қалпына қалай келді?
Қаңтар 30th, 2017

«Алтын адам» қалпына қалай келді?

Астанада қысқы универсиада алауы жағылды
Қаңтар 26th, 2017

Астанада қысқы универсиада алауы жағылды

Аумағы жағынан ең үлкен қала жайлы бейнебаян пайда болды
Қаңтар 26th, 2017

Аумағы жағынан ең үлкен қала жайлы бейнебаян пайда болды

Сенесіз бе: Денесіне Құран жазуы пайда болыпты
Қаңтар 26th, 2017

Сенесіз бе: Денесіне Құран жазуы пайда болыпты

Түрме хикаяаттары

222banner-vidzhet

Ал, ендеше!

Адамзат алжып бара ма? iPhone-нан құлыптас қойғаны несі?!

Футбол ежелгі түркілер ойыны ма?

Уақытша тіркеуге тұр да, ТЕГІН ШАЙ іш

“Жерұйық” блогерлері


Жерұйық

Айнұр
Таңжарыққызы

Бiржан
Ахмер

Жұмабек
Айқынұлы

Сәтжан
ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Аяулым
Өмірбаева

Болатбек
Барыс

Жолымбет
Мәкіш
Серикбосын Муканов
Серикбосын
Муканов
Ертіс Нұрқасым
Ертіс
Нұрқасым

Сүйеубай
Байқадиұлы

Мейірхан
Мейрамбекұлы

Серік
Әбілқасымұлы

Соңғы пікірлер

  • kairat-sabyrbai - Бетпе-бет
  • Гулсим - “Құдай берген” әншінің айдаһар елін таңқалдырған әні
  • Қайыркелді - Бетпе-бет
  • Гулим - «Жарылғалы тұрған бомбаға» теңеген үйлердің жәйі не болмақ?
  • Самат - «Жарылғалы тұрған бомбаға» теңеген үйлердің жәйі не болмақ?
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Жазба қосу
  • Блогерлер
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу