• Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Жазба қосу
  • Блогерлер
Жерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Жазба қосу
  • Блогерлер


توتە   |  қазақша  |   Latin  
Home
Маңдайалды

СҰЛУБАЙ БАТЫРДЫҢ ШӘЙІТ БОЛУЫ

Қаңтар 24th, 2017 Жұмабек Айқынұлы 0 comments 230

Сұлубай Сәпиұлы (1907-1944) Абақ Керей – Жәнтекейдің Тасбике руынан. Алтай қаласының Шірікши аулында туған. Сұлубайдың өз кіндігінен Мағила, Зағила атты екі қыз. Зағила Баркөл ауданында әлі бар. Ағасы Байбол мен інісі Көңбайдың балалары Шонжы мен Шіңгіл аудандарында тұрады.

Ұлт-азаттық қозғалысының зұлымдыққа қарсы атой-шылдарының бірі болған Сұлубай 1944 жылы “Алтай төңкерістік уақытша өкіметі” қүрылғанда он батырдың бірі болып марапатталған.
1944 жылы көкектің басында қазақ қолын бастап, жауға сілейте соққы беріп жүрген қан майданда қапияда оқ тиіп, ерлікпен қаза табады.

 Сұлубай батырдың шәйіт болуы

(үзінді)

Сонымен жүз адам екі төбені барып алдық. Сұлубай екеуміз Сартоғай жақтағы төбені барып қолға түсірдік. Жақсыбай, Шыбарайғыр Қапас, Зарыққан басшылығында әскерлер Ұтыбұлақ жағындағы төбені алды. Бір сағаттан соң жау әскерлері құлдап біздің үстімізге жетіп келді. Жер қар еді. Жау қарақұрым болып келе жатты. Алдарынан төрт пулеметті бірдей сақылдатып қойдық. Үш сағат аттық. Отыбұлақ жағындағы төбені қытай өлгеніне қарамай басып шаншып өтіп кетті. Ол төбедегі біздің әскерлерден, ішінде Боранбай бастық бар, жеті адам шәйіт болды. Біз жақтағы төбенің қарауылында жау өліктерінен атты адам жүре алмады. Жерге жарық түсе, жау өлгеніне қарамай алға ілгеріледі. Өйткені оларға ажал таяп тұрды. Біз де бұл төбені босатып, Сартоғай жақтағы адырға шегіндік. Осы қарауылға келген соң Сұлубай батыр осы төбенің астында бір қысаң бар еді. Сол жерден бір тосып қалайын деп 13 адамды алып кетіп қалды. Жанында менің інім Кәбіл бар еді. Бір сағат өтпей Кәбіл жылап қайта шауып келді.

– Сұлубай оққа ұшып кетті, – деді.

Мен де шауып барсам, жау оғы маңдайынан тиген екен. Тілсіз сұлық жатыр екен. Дереу Оспан мен Мәжікке телефон бердік.

– Әскерге шегін, – деп бұйрық бердім. Біз де жиналдық. Қытай әскері де жиналып, Сартоғайға түсіп кетті.

Бұл соғыста Кәмел батыр Көк Адыр шайқасында асқан ерлік істеді. Бір төбенің бауырында қытайлар окоп жасап алып төңкерісшілерді пулемет күшімен жүргізбеді. Жер окоп еді. Кәмел жеңіл киініп, көк аяқ атқа мініп, мауазерді сақылдатып қойып, “Жәнібек” деп ұран салып, окоптағы қытайды пулеметімен арғы қабаққа алып шығып кетті. Кәмелді жаратқан Құдайымның құйып тұрған пулемет оғынан қалай қорғағандығын адамдардың ауызша айтып екінің біріне түсіндіруі мүмкін емес еді. Біз оны көзбен көрдік. Сұлубай өлген соң Кәмел батыр Шығыс Түркістан армиясының ең жоғарғы бастығы болып белгіленді.

Біз Сұлубайды орап алып кетуге дайын болып жатқанымызда екі адаммен жылап еңіреп Кәрет келді.

– Шіңгіл ауданы көшті. Бүкіл елді айдады. Құтқарып қалу керек пе, жоқ па? (101) Елді Шонжыға апармақ. Қазір Тақырбастауға келіп қондық, – деді.

Оны қойып тұрып Сұлубайды машинаға салып, бір күн жарым түнде арқа сапқа жеткіздік. Мәскеуден айырпланмен доктор келіп, дереу тексеріп көріп

– Адам болмайды. Миы ағып кетіпті, – деді.

Сұлубай ертеңінде қайтыс болды. Ол “Біз қазақ малды баққан момын едік, соғысты бұрын көріп жатылмаған” деп қарауылға шыққанда мауазерді қолына жұлып алушы еді. Аса мерген, аса жүректі, Оспанға оқ тигенде жауды қойша қырып көтеріп алып шыққан ерекше күштің иесі болған ер Сұлубай Шығыс Түркістанның ең жоғарғы соғыс Генералы атағына ие болды. Ол “Қайқая шапқан қарагер, қайрылар ма екен қайран ел” деп ұлты үшін шыбын жанын құрбан етті. Мұса мергеннің өлуі, Сүлеймен батырдың өлуі, Сұлубай батырдың өлуі соңғы тарихта біз үшін орны толмайтын ауыр қазалар болды.

Қош Мұса мерген!

Қош Сүлеймен!

Қош Сұлубай!

Қош Бүркітбай!

Алға – алға – алға – алға. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы Сұлубайдың сүйегін Бұлғын қалпағындағы менің әкемнің жанына жерледік. Ол жерге соғыста өлген көптеген шәйіттерді әкеліп жерлеген еді. Сұлубай өлді. Асқар таудан айрылдық. Бүкіл армия Сұлубайға аза білдірді. Сұлубайдың табыты алдында ант беріп, ұлт-азаттық қозғалысын мәңгі бақи жүргізуге серт бердік. Сол күні семьясына естірттік.

Жарқылдап рагит жайды айдар

Жалынды оттың өртіне

Ол жүрген жоқ бақ іздеп

Қашпады бақтан бойды ұрлап

Міне осындай ер еді.

 

Әбдіуақап Қара,

«Нұрғожай батырдың естеліктері және Оспан батыр»

«Сұлубай шоқысы» атанып кеткен тау

Сұлубай батырдың халық арасына тарап кеткен танымал әні де бар.

 

Сұлубайдың әні

Атымды Сұлубай деп әкем қойған,
Руым Жәнтекейдей ортаны ойған-ай.

Секпілтай, Шаңқан, Тұрғынды-ай,
Сағындым қалған құрбымды-ай.

Жазықсыз жауым мені қойдың қамап,
Кетпейді бұл қорлығың әсте ойдан-ай.

Шіңгілдің мөлдір суындай,
Деп салған әнім Сұлубай!

Астымда алқоңырым желмедің ғой,
Құдайым сұрағанды бермедің ғой-ай.

Былғары белдік, бұраңбел,
Бұрылар ма екен біздің ел?!

Талпынып қанша қанат қаққанменен,
Қысқа жіп күрмеуіме келмедің ғой-ай.

Қайқая шапқан қарагер,
Қайрылар ма екен қайран ел?

Басында мәуесі жоқ қу қайыңның,
Жігітке пайдасы жоқ уайымның-ай.

Секпілтай, Шаңқан, Тұрғынды-ай,
Сағындым қалған құрбымды-ай.

Сан жердің дәмін таттым, суын іштім,
Білмеймін қайда аларын құдайымның-ай?!

Шіңгілдің мөлдір суындай,
Деп салған әнім Сұлубай.

Қонаққа қой сояды лақ тұрып,
Құдықтан су ішпейді бұлақ тұрып-ай.

Былғары белдік, бұраңбел,
Бұрылар ма екен біздің ел?!

Сұлубай елін қимай, жерін қимай,
Қоштасқан әні осы жылап тұрып-ай.

Қайқая шапкан қарагер,
Қайрылар ма екен қайран ел?!

 

Ал, төмендегі Бейнежазбаны Serik Kerey есімді желі қолданушысы youtube.com-ға жүктепті

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Бағалау: 1

Жұмабек Айқынұлы

Жазба қосу

Жауап беру Жауаптан бастарту

Желімен кіру : 

Тағы оқыңыз:

Ақын сараның жиенқұлға атастырылуының сыры
Қаңтар 30th, 2017

Ақын сараның жиенқұлға атастырылуының сыры

Әлібек Қуанышбек: Мақсатым – сирек кездесетін дертке шипа іздеу
Қаңтар 30th, 2017

Әлібек Қуанышбек: Мақсатым – сирек кездесетін дертке шипа іздеу

«Алтын адам» қалпына қалай келді?
Қаңтар 30th, 2017

«Алтын адам» қалпына қалай келді?

Л.Ә.Бөкейханова: әкем өзін ұстауға келгендерге дәм ұсынды
Қаңтар 29th, 2017

Л.Ә.Бөкейханова: әкем өзін ұстауға келгендерге дәм ұсынды

Қасқыр мен Адам
Қаңтар 28th, 2017

Қасқыр мен Адам

Қодар мен Қамқа қайда жерленген?
Қаңтар 27th, 2017

Қодар мен Қамқа қайда жерленген?

Түрме хикаяаттары

222banner-vidzhet

Ал, ендеше!

Адамзат алжып бара ма? iPhone-нан құлыптас қойғаны несі?!

Футбол ежелгі түркілер ойыны ма?

Уақытша тіркеуге тұр да, ТЕГІН ШАЙ іш

“Жерұйық” блогерлері


Жерұйық

Айнұр
Таңжарыққызы

Бiржан
Ахмер

Жұмабек
Айқынұлы

Сәтжан
ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Аяулым
Өмірбаева

Болатбек
Барыс

Жолымбет
Мәкіш
Серикбосын Муканов
Серикбосын
Муканов
Ертіс Нұрқасым
Ертіс
Нұрқасым

Сүйеубай
Байқадиұлы

Мейірхан
Мейрамбекұлы

Серік
Әбілқасымұлы

Соңғы пікірлер

  • kairat-sabyrbai - Бетпе-бет
  • Гулсим - “Құдай берген” әншінің айдаһар елін таңқалдырған әні
  • Қайыркелді - Бетпе-бет
  • Гулим - «Жарылғалы тұрған бомбаға» теңеген үйлердің жәйі не болмақ?
  • Самат - «Жарылғалы тұрған бомбаға» теңеген үйлердің жәйі не болмақ?
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Жазба қосу
  • Блогерлер
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу