• Click here - to select or create a menu
Жерұйық
Home
Бас баған

Димаш”Опера 2″ әнімен тағы да таңқалдырды (Видео)

Қаңтар 29th, 2017 Жерұйық 0 comments 120

Барлық қазақстандықтарға белгілі болғандай, отандасымыз Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан «Әнші» жобасының алғашқы бөлімінде-ақ  жоғары нәтиже көрсеткен болатын.  Барлық қазақстандықтармен бірге, жобаның екінші айналымын апта бойы асыға күттік. Енді, міне, Димаш тағы да Қытай халқын аузына қаратып, қазақтың даңқын аспанда әуелетті.

Бұл туралы “The Qazaq Times” хабарлады:

“Қытай Хунан провинциясының телеканалында таратылып жатқан жобаның екінші айналымы кеше Бейжің уақытымен 22:15 мөлшерінде басталды. (Астана уақытымен 20:15) Кезекті ән бәсекесінен бұрын, Димаш туралы арнайы бейне сюжет таратты. Онда Димаштың жобадағы жарқын жұлдыз екенін анық көрсетіпті. Алғашқы айналымның алтын белгісін алған Димаштың, ата-анасына, отбасына бұл қуанышын онлайн қоңырау арқылы жеткізгенін де назарынан қағыс қалдырмапты. Бірінші айналым аяқталғаннан кейінгі, күту бөлмесіне алтын белгі алып кірген Димашты әріптестерінің құшақ жая қарсы алғанын байқадық.

Екінші айналымда Димаштың алдын-ала дайындаған әні рұқсатсыз таратылып кеткендіктен, оған жаңа әнге дайындалу тапсырылыпты. Жобада Димашпен жұмыс жасаған мамандар оған Витастсың «Опера 2» әнін сынап көруге ұсыныс берген. Ал Димаш болса бұл әнге өзінің бұрыннан сыралғы екенін, тіпті Витастан екі дыбыс жоғары айта алатынын жеткізгенде, қытай мамандардың есі шығып кетсе керек.  Сонымен екінші айналымға Димаштың орындауындағы «Опера 2» әні тағы бір мәрте Қытайды сілкіп алыпты.

Тіпті, ол дауысын бірте бірте жоғарыға көтеріп, әуезін әуеде қалықтатқандай ұстап тұрғанда, қытайлық көрермендер орнынан өре тұрып, бармақтарын көрсетті. Сүйініш пен таңданыс олардың жүзінен айқын білініп тұрды. Бұл жолы Димаштың әнін көрермендер арасында әкесі Қанат Айтбаев та тыңдады. Ұлына разы болған әкенің жүзінде мақтаныш пен сүйініш қатар білінеді.

Айта кетейік,  Витас «Опера 2» әнімен көп жыл бұрын Қытайға ең танымал шетелдік өнержұлдызы болып еді. Димаштың әнінен кейін олар Витасты ұмытып кетуі әбден мүмкін”.

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakteLinkedInOdnoklassniki Whatsapp


Бағалау: 0

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Жауап беру Жауаптан бастарту

Желімен кіру : 

Тағы оқыңыз:

Әкім есебі: Шағын ауылдарға шұбырып бару міндет пе?
Ақпан 3rd, 2017

Әкім есебі: Шағын ауылдарға шұбырып бару міндет пе?

Димаш алғаш ән айтқанда кім не деді?
Ақпан 2nd, 2017

Димаш алғаш ән айтқанда кім не деді?

Димаш: өзімді Витаспен салыстыру мені қатты алаңдатады
Ақпан 2nd, 2017

Димаш: өзімді Витаспен салыстыру мені қатты алаңдатады

Димаш "Айтуға оңай" бағдарламасында қандай ән орындаған?
Ақпан 2nd, 2017

Димаш "Айтуға оңай" бағдарламасында қандай ән орындаған?

2 жыл бұрын Димаш Мейрамбектің әнін қалай орындаған?
Ақпан 2nd, 2017

2 жыл бұрын Димаш Мейрамбектің әнін қалай орындаған?

Кінәлі Димаш па, қытай мамандары ма?
Қаңтар 31st, 2017

Кінәлі Димаш па, қытай мамандары ма?

Түрме хикаяаттары

222banner-vidzhet

Ал, ендеше!

О, тоба! Тышқан мысықты қуып жүр

Кінәлі Димаш па, қытай мамандары ма?

Адамзат алжып бара ма? iPhone-нан құлыптас қойғаны несі?!

“Жерұйық” блогерлері


Жерұйық

Айнұр
Таңжарыққызы

Бiржан
Ахмер

Жұмабек
Айқынұлы

Аяулым
Өмірбаева

Сәтжан
ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Болатбек
Барыс

Жолымбет
Мәкіш

Серикбосын
Муканов

Erke
Naz

aibek_kossan
Ертіс Нұрқасым
Ертіс
Нұрқасым

Мұрат
Рақымжан

Сүйеубай
Байқадиұлы

kairat-sabyrbai

Мейірхан
Мейрамбекұлы

Серік
Әбілқасымұлы

Соңғы пікірлер

  • Erke Naz - Кінәлі Димаш па, қытай мамандары ма?
  • Saule Turkiya - Кінәлі Димаш па, қытай мамандары ма?
  • Saule Turkiya - Кінәлі Димаш па, қытай мамандары ма?
  • Гүлнафис Ақораз - Кінәлі Димаш па, қытай мамандары ма?
  • Жерұйық - Ливерпуль – Челси. Немесе “Робин Гуд” пен “Шық бермес Шығайбайдың” айқасы
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу