• Click here - to select or create a menu
Жерұйық

Kazakhstan, Semey

Home
Маңдайалды

Тәуелсіздіктің 25 жылдық медаліне орай елден ең көп құттықтау алған әнші

Ақпан 1st, 2017 Жұмабек Айқынұлы comments 150

Негізі, мұндай сұрақ бойынша арнайы талдау жасаған емеспіз. Бірақ, аздап қызығушылық танытып бірқатар марапат иелерінің әлеуметтік желі парақшаларына назар аудардық. Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесінің қызығын бәрінен бұрын facebook желісінің әкімшілігі көрген шығар-ау, шамасы. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылына арналған ордендер мен медалдар салмағынан желілер жарылып кете жаздап тұрғандай болған еді.

Не нәрсенің тиімді жағы болатыны секілді, әлеуметтік желіге жаппай жарияланған марапаттардың өзіндік пайдасы да жоқ емес еді. Журналистік қызығушылықпен біраз парақшаларды шарлағанымызда ел тарапынан құттықтаулардың кімге көп айтылатынын да байқауға болады. Осындай да өнер иелерінің де марапатқа қаншалықты лайық екені айқындала түседі екен. Халық қашанда хас талантты мойындаған әрі оның шашбауын көтере білген. Біз оған мысал ретінде дара дауысты дәстүрлі әнші, Қазақстан мәдениет ісінің үздігі Берік Омаровтың желідегі парақшасын айта аламыз. Беріктің ән өлкесіндегі өзіндік өрнегімен, құлақ құрышын қадыратын қоңырау үнімен өнер сүйер қауымның сүйіктісіне айналғаны қашан. Халық та өзінің сүйікті әншісінің Мемлекет тарапынан марапатталып жатқанына бек қуаныпты. Нақтырақ айтқанда Беріктің «Феезбук» парақшасына кештеу (20 желтоқсанда) жарияланған марапат сәтіне 200 дей адам лайк басып, 100 шақты адам құттықтау сөздерін жазыпты. Солардың ішінде бүкіл қазақты мойындатып жүрген, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Рамазан Стамғазиев, Жарқын Шәкерім, Еркін Шүкіман, Сәуле Жанпейсова,  Ерлан Рысқали, Ардақ Исатаева, т.б. бірқатар өнер тарландары бар.

Бұл нені білдіреді? Бұл марапат иесінің бүкіл қазақ даласын әнмен тербете алған талант екенін білдіреді. Бірақ, сол талант иесі жергілікті билік тарапынан қаншалықты қолдау тауып жүр екен деген ой келеді осындайда. Себебі, естуімізше ол отбасындағы 5 мүшесімен әлі күнге бір бөлмелі пәтерде тұрады деп естиміз. Егер расында солай болса, бұл жергілікті атқамінерлер үшін әжептәуір сын ғой…

Ж.Айқынұлы,

«Жерұйық»

 

 

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakteLinkedInOdnoklassniki Whatsapp


Бағалау: 0

Facebook пікір

Жұмабек Айқынұлы

Жазба қосу

Түрме хикаяаттары

222banner-vidzhet

Ал, ендеше!

“Мынау мені түсініп отырма өзі?!” Б.Сапарбаев қазақша түсінбейтін тілмаштың “тілін суырды”

ЖЕКСЕНБІЛІК ӘЗІЛ

О, тоба! Тышқан мысықты қуып жүр

“Жерұйық” блогерлері


Жерұйық

Айнұр
Таңжарыққызы

Бiржан
Ахмер

Жұмабек
Айқынұлы

Аяулым
Өмірбаева

Сәтжан
ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Болатбек
Барыс

Жолымбет
Мәкіш

Серикбосын
Муканов

Erke
Naz

Мұрат
Рақымжан

kairat-sabyrbai

Мейірхан
Мейрамбекұлы

Поэзия
Әлемі

Серік
Әбілқасымұлы

aibek_kossan
Ертіс Нұрқасым
Ертіс
Нұрқасым

Сүйеубай
Байқадиұлы
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу