• Click here - to select or create a menu
Жерұйық
Home
Саясат

«Ағылшын тілінің керегі не?» дегендер қазаққа қарсы адамдар

Ақпан 3rd, 2017 Жерұйық comments 292

Білім беру жүйесіндегі реформалардың маңыздылығын халық әлі түсінбей отыр. Ал жастар ағылшын тілін білмесе, мемлекеттің болашағы бұлыңғыр. Сондықтан осы салада түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Білім беру жүйесіне тоқталайын. Біз бұл салада да үнемі реформа жүргіземіз. Аталмыш реформалар әрбір азамат үшін маңызды. Себебі, барлығымыздың да балаларымыз бар. Бірақ халық осы реформалардың маңыздылығын түсінбей отыр. Сондықтан халыққа дамыған елдерде қолданысқа енгізілген 12 жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығын түсіндіру керек. Олар 3 тілде жаңа білім беру және ҰБТ жүйесінің не екендігін білуі керек», – деді ол.
«БАҚ және осыған жауапты министрліктің басшысы Дәурен Абаевқа тапсырған болатынбыз. Бірақ мәселе ойдағыдай шешілген жоқ. Менің ойымша, бұл бағыттағы өзгеріс дұрыс. Бірақ мұны жүзеге асыру керек. Барлығы түсінуі керек», – деді Елбасы.

Сонымен қатар, тілді меңгерудің ұлт болашағы үшін маңыздылығын баса айтты.

«Ағылшын тілінің керегі не?» дегендердің барлығы қазаққа қарсы жұмыс істейтін адамдар. «Ертеңіміз болмасын» деген азаматтар. Біз жалғыз емеспіз. 1,5 млрд-тан астам халқы бар Үндістан тәуелсіздік алған кезде барлығы хинди тіліне көшкен болатын. Олар 4 жылдан кейін қайтадан ағылшын тіліне көшті. Малайзия мемлекеті де солай істеді. Себебі, дүниедегі барлық ғылым, жаңалық ағылшын тілінде болып жатыр. Қайтеміз енді? Жастарымыз, балаларымыз ағылшын тілін білмесе, Қазақстанның болашағына кедергі болады. Осы мақсатта түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», – деп түйіндеді сөзін Елбасы.

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakteLinkedInOdnoklassniki Whatsapp


Бағалау: 0

Facebook пікір

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Тағы оқыңыз:

Үшініші кезеңде де үздік өнер көрсетті. Жарайсың, Димаш! (ВИДЕО)
Ақпан 4th, 2017

Үшініші кезеңде де үздік өнер көрсетті. Жарайсың, Димаш! (ВИДЕО)

Универсиада: Жарайсың, Денис Тен! Оныншы алтын!
Ақпан 4th, 2017

Универсиада: Жарайсың, Денис Тен! Оныншы алтын!

Тасмағанбетовке тарту жасаған кім?
Ақпан 4th, 2017

Тасмағанбетовке тарту жасаған кім?

Махат Садық : Семейлік журналистердің беделі жоғары
Ақпан 4th, 2017

Махат Садық : Семейлік журналистердің беделі жоғары

Әліптің артын бағып жүргендер кімдер?
Ақпан 4th, 2017

Әліптің артын бағып жүргендер кімдер?

Аягөзде ХI республикалық бүркітшілер байқауы басталды
Ақпан 4th, 2017

Аягөзде ХI республикалық бүркітшілер байқауы басталды

Түрме хикаяаттары

222banner-vidzhet

Ал, ендеше!

О, тоба! Тышқан мысықты қуып жүр

Кінәлі Димаш па, қытай мамандары ма?

Адамзат алжып бара ма? iPhone-нан құлыптас қойғаны несі?!

“Жерұйық” блогерлері


Жерұйық

Айнұр
Таңжарыққызы

Бiржан
Ахмер

Жұмабек
Айқынұлы

Аяулым
Өмірбаева

Сәтжан
ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Болатбек
Барыс

Жолымбет
Мәкіш

Серикбосын
Муканов

Erke
Naz

aibek_kossan
Ертіс Нұрқасым
Ертіс
Нұрқасым

Мұрат
Рақымжан

Сүйеубай
Байқадиұлы

kairat-sabyrbai

Мейірхан
Мейрамбекұлы

Серік
Әбілқасымұлы

Соңғы пікірлер

  • Айнұр - Әліптің артын бағып жүргендер кімдер?
  • Бір қазақ - Әліптің артын бағып жүргендер кімдер?
  • Серикбосын Муканов - ҚАЗАҚИЯ: Әмір Темір тудырған тартыстар
  • Калыбай Жасанов - Елбасы: Мемлекеттің ақшасы қайда кетіп жатыр, Қозы-Көрпеш?
  • Гүлмира Мұсабек Тегі. - «Ағылшын тілінің керегі не?» дегендер қазаққа қарсы адамдар
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу