Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиаданың алтын медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл Қазақстанның оныншы алтын медалі.
Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша 94,91 ұпай нәтижесімен көш бастап тұрған. Ал еркін бағдарламада төрешілер қазақстандыққа 172,06 ұпай берді. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша, Тен 266,97 ұпай жинап, бірінші орын алды.
Күміс медаль жапон мәнерлеп сырғанаушысы Кэйдзи Танаке (252,09), ал қола медальді швециялыұ Александр Майоров (246,56) алды.
Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рахымғалиев еркін бағдарламада 11-орында (68,25 ұпай) келе жатқан, ал қорытындысында 12-орынға тұрақтады 204,23.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында 10 алтын медаль, екі күміс медаль және тоғыз қола медаль бар.