• Click here - to select or create a menu
Жерұйық

Kazakhstan, Semey

Home
Ал, ендеше!

ЖЕКСЕНБІЛІК ӘЗІЛ

Ақпан 5th, 2017 Мұрат Рақымжан comments 112

Күн жексенбі. Балалар әлі ұйқыда. Таң атпай тыпырлап мазаларын қашырмай, күн шыққанша жата тұрайын деп ойлағанмын. Көзім ілініп кетіпті. Қалта телефоныма келген қоңыраудан селк етіп ояндым. Философ бауырым екен.

– Ассалаумағалейкум! – жерден жеті қоян тапқандай желпініп тұр.

– Әліксалам! Күн шықпай жатып, астыңнан су шықты ма?

– Жоқ. Сізге бір қызық айтайын деп.

Елең ете қалдым. Қызық дегенде жан қалар ма?

– Иә, айт, ол қандай қызық?

– Абайды айтамын. Данышпан ғой, шіркін!

– Енді оған дауымыз жоқ қой.

– Абай атам 26-шы бап туралы білген екен ғой.

– Қайдағы 26-шы бап?..

– Ата заңымыздағы өзгеріске ұшырайын деп тұрған бап ше?

– Ал не бопты? Оған Абайдың қатысы қанша?

– Бар. Бар болғанда қандай! Сол туралы жазып кеткен екен.

– Не деп?

Баптағы «әркім» деген сөзге бола дау өршіп тұр емес пе?

– Иә, өршіп тұр.

– Соны Абай «Әркімге тілеу қостық қой» деп жазыпты. Екінші жолы тіпті сұмдық! «Бәрі алдамшы саудагер» дейді.

Мен үнсізбін. Қорыта алмай тұрмын ғой. Анау соны сезіп қойды. Философ қой.

– Ой, аға, соны да түсінбей тұрмысыз. «Әркімге» деп заңымызды өзгертіп, тілеуімізді қосамыз. Ал олардың «бәрі алдамшы саудагер». Кілең шетелдің қалталы байлары кеп, қазақты сан соқтырып кетеді деп тұр ғой.

– Рас ей! – дедім. Анау соны күтіп тұрғандай телефонын сөндіре салды. Ұйқым шайдай ашылсын. Бұл философ деген қауымға дауа жоқ. Енді ұйқы қайдан келе қойсын.

Сіздерге философтың бір-ер хикаяларын айтып берейін. Балалар оянғанша ермек болсын.

Демалыс күндері не үйге келетін, не қоңырау шалатын бұл философтың қашаннан бергі дағдысы. Басқа күндері жым-жырт. Өзінен сұрадым осының себебін.

– Ой, аға, өзіңіз білесіз аптаның бес күні жұмыстан қол тимейді.

– Сенбі күні ше?

– Сенбі күні мен ойланамын.

Осы сөзді ойланбастан айта салғанына қарағанда, «ойланатыны» рас боп тұр.

 

Қай жексенбі екені қайдан есте тұрсын. Тағы бірде құлқын сәріден қоңыраулатып тұр.

– Аға, қазақта «Ф» деген әріп болмаған!

– Е, неғып?

– Енді фабрика салмаған, футбол ойнамаған, фейсбугі болмаған ел «ф» әріпін не қылсын!

– Қазақтар футбол ойнамағанын дәлелдейін бе? – дейді тағы.

– Дәлелде! – дедім, нем кетіп бара жатыр.

– Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар!

– Рас ей! Бірақ сен мұны жұртқа дабыра қылмай қоя тұр?

– Кімді?

– «Ф» әріпін айтамын да!

– М-м, неге?

– Өзіңе залалы тиіп кетіп жүрер.

– Қайтіп?

– Енді «ф» әрпі болмаса, сені қалай атаймыз? «Философ» деген сөз «ф» мен басталып, «ф» мен аяқталып тұр емес пе?

– Пәлсапашы демейсіз бе?

– Пәлсапашы – құлаққа «қырт» деген сөз сияқты естіледі. Біреу көп сөйлеп бара жатса: «Ой, пәлсапаңды соқпай қоя тұршы!» деп жатамыз ғой. Ал философ, философия десе, елдің құлағы елең ете қалады.

– Иә-ә, – деп кәдімгідей ойланып қалды.

– Пилосоп десек тағы да құлаққа тосаңдау. Ал енді билосоп деп айтатын болсақ, нағыз қазақи болып шығады екен.

Анау үнсіз келісті. Сұрап алған аурудың емі жоқ деген. Содан бері мен оны «билосоп» дейтін болдым.

Менің сөзіме құлақ асты ма? Әлде басқа да себептері бар ма? Билосоп бауырым өзінің ашқан жаңалығын әлі еш жерде жариялай қойған жоқ.

Міне, күн де шықты. Балалар да оянды. Осымен билосоп туралы хикаям тәмам.

Тағы бір жексенбіде жалғастыра жатармыз.

Иә, билосоп бауырым аман болсын!

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakteLinkedInOdnoklassniki Whatsapp


Бағалау: 0

Facebook пікір

Мұрат Рақымжан

Жазба қосу

Түрме хикаяаттары

222banner-vidzhet

Ал, ендеше!

“Мынау мені түсініп отырма өзі?!” Б.Сапарбаев қазақша түсінбейтін тілмаштың “тілін суырды”

ЖЕКСЕНБІЛІК ӘЗІЛ

О, тоба! Тышқан мысықты қуып жүр

“Жерұйық” блогерлері


Жерұйық

Айнұр
Таңжарыққызы

Бiржан
Ахмер

Жұмабек
Айқынұлы

Аяулым
Өмірбаева

Сәтжан
ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Болатбек
Барыс

Жолымбет
Мәкіш

Серикбосын
Муканов

Erke
Naz

Мұрат
Рақымжан

kairat-sabyrbai

aibek_kossan
Ертіс Нұрқасым
Ертіс
Нұрқасым

Сүйеубай
Байқадиұлы

Мейірхан
Мейрамбекұлы

Поэзия
Әлемі

Серік
Әбілқасымұлы
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу