Сенбі, Мам 20, 2017
Home > Жаңалықтар > Жаһан > Қайрат Әбдірахманов Сауд Арабиясы королімен кездесті

Қайрат Әбдірахманов Сауд Арабиясы королімен кездесті

Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Азиз еліміздің ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады.

Кездесу барысында ведомство басшысы ғылым мен технология бойынша Астанада өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының ең алғашқы саммитіне Елбасы шақыруын табыстады. Сауд Арабиясының королі оны жылы қабылдап, қос ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Бұған қоса ол Қазақстан Президентінің бейбіт әлем қалыптастыру бағытындағы бастамаларын, әсіресе Астананың Сирия мәселелері бойынша келіссөздердегі рөлін жоғары бағалады. Сонымен қатар қос тарап бірер күннен кейін басталатын EXPO көрмесін де сөз қылды.

Айта кетейік, Қайрат Әбдірахманов осының алдында басқа да араб елдерінің, яғни Катар мен Кувейттің әмірлерімен және министрлерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы 24-арна хабарлады.

Бөлісу:

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

46 − = 40