Жексенбі, Қыркүйек 16, 2018
Негізгі > Рухани жаңғыру > Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе

Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе

(Елбасы мақаласына пікір)

Күні кеше Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласын  оқып шықтым.  Мемлекет басшысының болашаққа бағдар берер мақаласын оқып шығып, оған баға беру кез келген қазақстандық үшін оңай емес. Мен тіпті айтар едім, Мемлекет басшысының мақаласына баға берудің уақыты болашақтың үлесінде деп. Дегенмен ішкі істер органдарының ардагері ретінде қоғамға қозғау салған Елбасы ұлтты ұйыстыруға, кешегімізді саралап, келешегімізді кемелдендіруге үндеп, «ұлттық кодты» сақтап қалудың сан алуан бағытын байыптайтын тамаша туындысын  туралы өз көзқарасымды білдірмекпін..  Бұл тек бүгінімізге ғана шолу жасаған мақала емес. Онда болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілген. Ұзақ жыл құқыққорғау саласында еңбек еткен маған Елбасымыздың  ….  «Тарихтың   ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, эко­номикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе­сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ­мысының бір бөлігі.»-деген көрегенді пікірі  аса ұнады. Расында  да Қазір әлемдегі жағдай тұрақсыз. Терроризм қаупі жаһанға төнді. Радикалды діни идеология бет бердесін жамылған бәз-біреулерге біздің де  айрандай ұйыған бейбіт тіршілігіміз ұнамайтын тәрізді. Соған қарамастан , Қазақстан әлем үшін бейбітшіліктің бесігі саналады.  Міне осы құндылықты жас ұрпақ санасына сініріп, өзімізге жат, дәстүрлі дінімізден тысқары діни ағымдармен ел болып күресу баршаның міндеті. Сонымен қатар көрегенді Көшбасшы  ……. « Ұлтық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық»- деп атап көрсетті аталмыш мақаласында.  Расында да, ежелден кілетінің есігіне құлып салмайтын, жастарды біреудің ала жібін аттамауға тәрбиелейтін баба тәлімін ту етіп жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуді  қайта жаңғыртып құқықбұзушылыққа, қылмысқа  төзбейтін заңды қадірлейтін имуниттетті жас ұрпақ тәрбиелеу ІІО зейнеткерлерінің де тіпті  мұны «от басы, ошақ қасы» тірлік деп есептемейтін  баршамыздың міндетіміз.  Өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болу үшін тәртіпті ту еткен, қоғамдық тәртіпті сақтауды  парыз деп санайтын жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіспіз.   Ендігі мақсат – осы даму тетігін жоғалтпай, басты нысанаға ілгерілеуді, кемелдікке жетуді ғана алып, сол жолда аянбай еңбек ету, бірлесе қимылға көшу, еліміздің гүлденуі үшін атсалысу, өз үлесіңді қосу әрбір қазақстандықтың парызы болуы керек. Сонда ғана оң нәтиже шығары сөзсіз. .. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, біздің қосатын үлесіміз – жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп кез келген құқықбұзушылыққа бей-жәй қарамайтын, қылмыспен ымырасыз күресе білетін тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін»,

 

Тұрсынғазы Альменов

Семей қ. ІІБ ардагерлер кеңесінің мүшесі

запастағы полиция полковнигі.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation