Сәрсенбі, Шілде 11, 2018
Негізгі > Бас баған > Кәрімов кеңесіне құлақ аспаған Пазына айналып Мәдениет бөліміне келді

Кәрімов кеңесіне құлақ аспаған Пазына айналып Мәдениет бөліміне келді

 

Жолаушылар тасымалы және автколік жолдары бөлімінің басшысы болып келген Юрий Пазына енді Семей қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары болып іске кіріспек. Бұрынғы жұмысына тағайындалғанына бір жылдай уақыт ішінде оның атына қоғам тарапынан оң баға берімеді. Атқарған жұмысының нәтижесі соған алып келді. Жұмысын сынаған журналистерді «мәдениетті боуға» шақырған шенеунік енді мәдениет мәселесімен өзі айналысатын болады. Әрине, мәдениет сөзінің ұғымы кең ғой.

Бізді таңқалдырғаны – Юрий Пазынаның айналып Мәдениет бөліміне келгені. Қаланың бұрынғы әкімі А.Кәрімов алдыңғы жылы осы бөлімнің басшылық қызметін ұсынғанда бас тартып, ақыры ТҮКШ-ке келген еді. Нәтижесі көпшіліктің көз алдында. Енді, кезінде сәті келіп тұрған Мәдениет бөлімінің басшылығынан бас тартқан оған, бөлім басшысының орынбасарын місе тұтуына тура келді. Бұл жерде айтқымыз келгені – қаланың экс әкімі Айбек Кәрімовтың кезінде оған берген кеңесінің тура келгендігі. Ол жайында «Жерұйық» сайтында (Спортшыдан коммуналшы жасағанымыз қалай?) деген мақалада  кеңірек жазылған.

«Жерұйық»-ақпарат.

P.S.  «Спортшыдан коммуналшы жасағанымыз қалай?» мақаладан үзінді (07/04/2017).

…Сондай-ақ, оның осы қызметке бұдан да бұрын барғысы келгені бар. Оны да айта кетейік. 2015 жылдың басында қаланың сол кездегі әкімі А.Кәрімовке Пазына жұмыс қажеттігін айтып, сол шақта бос тұрған ТҮКШ бөлімінің басшысы қызметін сұрайды.

Айбек Мүталапханұлы оған: «Сенің ол саладан тәжірибең аз, Семей үшін коммуналдық шаруашылық өте «күйіп» тұрған мәселе, сол бөлімге басшы шыдамай келе жатқанын көзің көріп жүр, ертең өз басыңа өзің бәле тілеп аласың. Егер менің кеңесімді тыңдасаң біз саған Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылығын ұсынайық, спорт та мәдениеттен алыс емес, өзіңе қолайлысы осы болар», деп айтқан болатын.

Алайда, ол бұл ұсынысқа құлақ аспай өз дегенімен кетті. Арада біраз уақыт өткенде май айының басында ШҚО әкімі Даниал Ахметов «Нұр Отанның» Семей филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Осы қабылдауда болған Ю.Пазына облыс әкіміне «Қала әкімі сұраған жұмысымды бермей отыр» деген шағымын жеткізді. Мәселені түсіндіру кезегі қала басшысына келгенде

А.Кәрімов: «Даниал Кенжетайұлы, біз Юрий Сереевичтің өтінішінен бас тартқан жоқпыз, оған Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқаруды ұсындық. Бірақ, ол біздің ұсынысымызды қабыл алмай ТҮКШ бөліміне жіберуімізді өтініп отыр. Біз одан бұл бөлімді аяп отырған жоқпыз, алайда ол орынға осы саланың кәсіби мамандарының өзі шыдас бермей келеді, атқарушы билік те осы коммуналдық шаруашылық бойынша сынның астында қалып жүр. Бұл бөлім оның қолы емес екенін өзіне түсіндірдік»,-деп жоғарыда Пазынаға айтылған сөзін тағы қайталап шықты. Облыс басшысы Д.Ахметов мәселе мәнісін бірден аңғарып, шағым иесіне бұл жөнінде ойлану керектігін айтып, сұраққа нүкте қойды.

Солай бола тұра ол келесі жылы 2016-ның жазында бәрібір осы қызметке келді. Алайда, ел спортына еңбегі сіңген қайраткер, семейліктерге танымал Юрий Пазына әзірше коммуналшы ретінде қайраткерлік таныта алмай отыр.

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation