«Interactiv Kazakhstan» компаниясы инновациялық арнайы «сөйлейтін қалам» арқылы «Абайтану әліппесі» интелектуалдық оқулығының оқу-тәрбие кешенін толығымен Қазақстанда жасалып шыққан болатын. Абайтану саласына леб әкелген нұсқаулықты редакциямызға белгілі абайтанушы Алмахан Мұхамедқалиқызы арнайы жолдап, кеңірек нәсихатталуына белсенділік танытуда. Көпке ортақ дүниені көппен бөлісуді жөн көріп отырмыз.
«Interactiv Kazakhstan» компаниясы инновациялық арнайы «сөйлейтін қалам» арқылы «Абайтану әліппесі» интелектуалдық оқулығының оқу-тәрбие кешенін толығымен Қазақстанда жасады. Оқу-тәрбие кешенін нұсқаулық, төрт кітап және сөйлейтін қалам құрайды. Оның бәрі қолға ұстауға ыңғайлы бір қорапқа жинақталған. Жобаның авторы – Нұралы Құдайбергенұлы.
Жапонияның «сөйлейтін қалам» дот-код технологиясын «Interactiv Kazakhstan» компаниясы мамандары толық меңгеріп, бүгінде сол технологиямен «Қазақстанда жасалды» деген инновациялық өнімдер дайындауда.
«Абайтану әліппесі» интелектуалдық әдістемелік оқу тәрбие кешені «Жақсы бала», «Жақсы ұстаз», «Жақсы ата ана», «Жақсы құрбы құрдас» атты төрт кітаптан тұрады. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін, оқыту тәсілдерін көрсетеді.
Абайды тану, оның шығармаларын меңгеру арқылы өмірде өз қажетіне дұрыс қолдана білу – әрбір азаматтың парызы десек, оны оқып-үйрену, жан-жақты талдай білу, Абай тереңіне үңіле білу де бүгінгі ел болашағының міндеті болмақ. Әр адамның іздегенін табатын, оны өміріне тірек ете алатын, бағыт-бағдарын айқындай алатын қуат күші де осы Абай шығармаларында. Уақыт та, қоғам да ұлы Абай философиясын қажет етіп отырған шақта ұрпаққа ақын тағылымын үлгі ету, үйрету, өміріне азық етерлік білім беру – қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің мақсаты мен мұраты.
«Абайтану» факультативтік курсының бағдарламасы оқушылардың Абай шығармалары арқылы дүниетанымын кеңейту, жан дүниесін байыту, Абай шығармаларының қуаты мен тәлімдік мәнін таныту мақсатында жасалды. Абайтану ғылымы ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу сияқты бүгінгі күннің өзекті мәселелері жас ұрпақтың білікті тұлға болып қалыптасуына ықпал етері сөзсіз.
«Даналық әліппесі»
«Даналық әліппесі» өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрде тәрбиелеу, ұлттық бет-бейнемізді және ежелден келе жатқан дүниетанымымызды сақтап қалу, тәуелсіз еліміздің патриот азаматтарын тәрбиелеу, бала бойына халқымыздың даналығын дарыту құралы.
«Даналық әліппесі» әр отбасындағы ата-әже, әке-шеше, бала-шаға – барлығына ортақ рухани құндылықтар жиыны, білім бұлағы, ақпараттық-насихат қоры. Ол – халық даналығын бойына жиған «электронды» ата-әже.
Қазіргі әлеуметтік зерттеулер бұрынғыдай ата мен әженің, әке мен шешенің бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, ертегі айтып, өнегелі сөзге үйретуін азайтқанын дәлелдеп отыр. Бұл ұлттың рухының жойылуына, халықтың мәңгүрттенуіне апарып соғатын апатты жол. Ұлттық сананы қалыптастыруға, тәуелсіз отанның патриот азаматтарын тәрбиелеуге арналған бұл өнім «Interactiv Kazakhstan» компаниясының батыл бастамасы болып саналады.
«Даналық әліппесімен» танысқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев алғы сөзінде: «Зияткерлік технология негізінде әзірленген «Даналық әліппесі» сендердің өрелеріңді өсіріп, шешендікке тәрбиелейтін, халқымыздың асыл мұраларын игеріп, рухани тұрғыдан байи түсулеріңе қызмет ететін құнды дүние деп есептеймін» – деп жоғары баға берген болатын.
ХVI-ХVII ғасырларда қазақ халқында келіні бала көтерген үйге белгі салған. Белгіні көрген ақын-жыраулар, би-шешендер сол үйге ат басын бұрып, өнерін көрсетіп, батасын беріп, өсиетін айтып отырған. Нәтижесінде Төле би, Қазбек би, Әйтеке би сияқты даналар дүниеге келген. Осы дәстүрді жаңғыртуға «Даналық әліппесі» ықпал етеді деген үміттеміз.
«Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешенін нұсқаулық, он екі кітап және сөйлейтін қалам құрайды. Оның бәрі қолға ұстауға ыңғайлы бір қорапқа жинақталған.
Әр кітапқа енген қобыз бен сыбызғы үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық ертегісі, халық әні, халық аңызы, халық жыры, халық тағылымы, нақыл сөз, аталар сөзі, билер сөзі, бабалар батасын жинаған, жүйелеген және ғылыми пікірлерін білдірген сол саланың танымал ғалымдары: академик Әбдуәли Қайдар, профессор Мекемтас Мырзахметов, профессор Қайрат Байбосынов, профессор Серік Негимов, профессор Базархан Қосбасаров, профессор Шерубай Құрманбайұлы, профессор Амантай Шәріп, күйші Абдулхамит Райымбергенов, жыршы Ұлжан Байбосынова және т.б. Ал, мәтіндердің дыбысталуын Қазақстанға белгілі мәдениет қайраткерлері, әнші-жыршылар, күйші-қобызшылар орындаған. Мысалы, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Мұратбек Оспанов және т.б.
«Даналық әліппесін» балабақшаларда, жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы және жоғары оқу орындарында және әр отбасында кеңінен пайдалануға болады.
Мекен- жайы: Астана қаласы, Жылыой көшесі 13.
Байланыс тел. 8 (71 72) 928 777 факс 8 (71 72) 928 706.