Негізгі > руханият

Семей сахнасындағы «Жарқанат» алаш қалашындағы алғашқы оперетта

Иоганн Штраустың «Жарқанат» атты опереттасын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязовтың режиссерлігімен сахналанды. Астанадан арнайы келген режиссер табандылық танытып, бір жарым ай әртістермен қауырт жұмыс жасады. Салмағы да ауыр, деңгейі де жоғары классикалық шығарманы сахнаға шығару оңай болған жоқ. Десе де, Атам театрының әртістерінің шеберлік қуаты классикалық туындыны алып

Толық оқу...

Шәкірттерді шыңдау шарты

Тергеу изоляторына басшылық еткен жылдары(1992 -2003) амалын тауып, офицерлік лауазымға тек қана қол астымдағы  қабілетті сержанттардан іріктеп алып отырдым. Жоғарғы жақтан жіберілгендердің бірен-сараны болмаса, қалғанын жүз желеу мен мың сылтау тауып кері қайтаратын едім. Қабілетті адамның жақсы қасиеттерін дөп басып байқап, өсуіне жағдай жасау – ынталандырудың сара жолы(қазір бұны мотивация

Толық оқу...

Қазақ тілінің тамыры

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер. VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы­ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі

Толық оқу...

Тұқымымыз құрып кетіп жүрмесін…

«Біз – баяғыда жылқы етін жеп, қымыз ішетін едік! Сондықтан желмен жарыстық, мінезіміз жылқыдай тепсініп тұратын тік, өр болдық, қайыспайтын ер болдық, дұшпанымыздан зор болдық! Біз – бүгін тауық етін жеп, қымыздан басқасын іштік. Сондықтан, бірдеме айтып қайрат қылғанымызбен, тауықтай қопаң-қопаң етіп ұша алмай қор болдық!» Осылай деп бір кездері ашынған

Толық оқу...

Димаш Шанхай әуежайында қарт әжені сүйеп алғысқа бөленді (Видео)

Бұл оқиға кеше Шаңхай әуежәйінда болды. Шаңхай әуежәйінда билет алу үшін  кезекте  тұрған Димаш және әкесі өздерімен бірге кезек күткен қарт әжені жетелеп бос орынға жеткізіп қойды. Бұл әрекеті сол жердегі Димашты аттандыруға шыққан жанкүйерлердің алқауына ие болды,  әрі Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызу талқыланды. Димаштың әншілік өнеріне ғана емес,  азаматтық мінезіне,

Толық оқу...

Әз аға (Естеліктен)

1949 жылы қазақ әдебиеті тарихының XVIII-XIX ғасырларға арналған екінші томын бір топ авторлар жазатын болдық. Бұл күрделі еңбектің ғылыми жетекшісі ретінде Мұқаң тағайындалды. Жаз бойы таудағы дачада Мұқаң үй-ішімен бірге тұрып, маған тапсырылған тарауларды жазумен шұғылдандым. Мені таңырқатқан бір нәрсе - Мұқаңның күнделікті қатал режимі. Және мұнысы күндер емес, айларға

Толық оқу...

Малшының балалары желіге жиналды

Сурет сөйлейді деген осы. Бұл суретті Жолымбет Мәкіш өзінің ФБ парақшасына жариялапты. Парақша иесі суреттің астына былай деп жазған екен: "1929 жылы Қарқаралы жақта түсірілген сурет екен. Қойдың сүті сиыр сүтінен әлдеқайда майлы, құнарлы болып келеді. Халық оған сондықтан "қойдың сүті қорғасын" деп баға берген. Бұрын ауылда қойды қазақтың ескі салтын білетін

Толық оқу...

Сағындым, апа құртыңды!

  Ақ шылауыш, кимешек Аңсадым,апа,қайдасың? Құлының бүгін есейді. Кеттің бе ұшып айға шын? Еске алам күнді кешегі. Құшағың кең мекенім, Жылуына бас ұрғам. Алыстамадың екі елі, Апатай-ау қасымнан. Құс ұшырмай басымнан, Жылы,жұмсақ төсеген. Ержеттім сенің қасыңда, Алыстау әке-шешеден. Көсегемді көгертер, Тілекке толы баталы үн, Болғанға шіркін,не жетер! Баласы апа, атаның! Талайлар тізе бүгетін, Қаһарман ең мен үшін. Алмайтынмын күзетіп, Сен барда қолда жеңісім. Жаятын құрт өреге, Тоятын біздер қайда күн! Ойлағанмен келе ме? Дәмі кетпес

Толық оқу...

Жұртыма қызмет етсем дейтін «Жыртұма»

Биыл «Алаш» партиясының құрылғанына – 100 жыл. Осынау мерейтой аясында Баянауыл аудандық кітапханасы жанынан «Жыртұма» поэзия клубы құрылды. Жетекшісі - жас ақын, жалынды ақын Еламан Қабділәшім. Баянауланың құтты құрсағы қаншама даналарды дүниеге әкелді. Бұл игі бастама – кешегі дарынды тұлғалардың жалғасы болып қазақ әдебиетінің ұлы көшіне ілеспекке ниет еткен жастардың

Толық оқу...

Өмір деген – тағатсыз бір қозғалыс

Өмір деген көк мұхиттың толқыны, Бір-бірімен жатқан тулап жарысып... Өмір толқыны қай жағадан қалай алып соғарын адам баласы біліп болмайды. Тағдырдың жазғаны деген де сол болар... Келер күннің қандай тосын сыйы бар екені де беймәлім. «Адамның басы – алланың добы» дегенді естуіңіз бар ма?! Адам ойына нелер келіп, не кетпейді?! Бірақ, өмірімдегі дәл

Толық оқу...