Бұл оқиға кеше Шаңхай әуежәйінда болды. Шаңхай әуежәйінда билет алу үшін кезекте тұрған Димаш және әкесі өздерімен бірге кезек күткен қарт әжені жетелеп бос орынға жеткізіп қойды. Бұл әрекеті сол жердегі Димашты аттандыруға шыққан жанкүйерлердің алқауына ие болды, әрі Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызу талқыланды. Димаштың әншілік өнеріне ғана емес, азаматтық мінезіне, бір үйлі жанның ізгі көңіліне риза болған жанкүйерлер небір әдемі мақтауларды жаудырып жатты. Бұл ізгі әрекеттің қайнары Қазақ ұлтының үлкенді құрметтейтін ұлттық дәстүр тәрбиесінен келгенін айтып атымызды аспандатып жатқандарда болды. Жалпы бұл оқиға бізге қайда жүрсекте өзіміздің бір ұлттың мұрагері екенімізді бір еске түсіргендей еді.
Айналайын! Қазақтың үкілі қыз, ұлағатты ұлдары, ата-бабамыздан жалғасып келген осы бағалы салт-дәстүріміз жадыларыңда жүргей!
http://jezbuyda.kz