Жұма, Шілде 7, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > «Абай оқулары» байқауы өтті – Қызылорда облысы

«Абай оқулары» байқауы өтті – Қызылорда облысы

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында «Абай оқулары» облыстық байқауы өткізілді.

Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Байқауға Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары  мен  Қызылорда қаласының арнаулы орта оқу орындарынан  16-22 жас аралығындағы 10 талапкер қатысты.

Байқаудың сарапшылары талапкерлер өнерін бағалау кезінде көркем мәтінді талғау және оқу шеберлігіне, қазақ тілінде орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне, ән орындау шеберлігіне, сахналық өнер көрсету мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне  баса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша Қазанғап атындағы  Қызылорда музыкалық колледжінің 1 курс студенті Рызманов Руслан  І орынды жеңіп алса, Сырдария ауданы №42 мектептің 9 сынып оқушысы Закирқызы Нұргүл  ІІ орынды, Жаңақорған ауданы №169 орта мектептің 10 сынып оқушысы Шакирова Донна   ІІІ орынға ие болды.

Ал, Қызылорда М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 1 курс студенті Малышева Кристина, Сырдария ауданы №36 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Лаврова Мария ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.                                                                 

Облыстық байқаудың жеңімпазы республикалық байқауға қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.

0

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

+ 1 = 2

Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару