Көлік полицейлері Мәскеудегі алғашқы әскери шеруге қатысқан 91 жастағы ҰОС ардагерін құттықтады

Отан қорғаушы күні және Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында ҚР ІІМ Көліктегі ІІД басшылығы мен Департаменттің Ардагерлер кеңесі бірлесе отырып, І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы және Жауынгерлік Қызыл ту ордендерінің иегері, соғыс және тыл ардагері Иван Караваевтың отбасында болды. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Көлік полицейлері Иван Дмитриевичті мерекесімен шын жүректен құттықтап, оған ақшалай және азық-түлік себетін сыйлады.

Бүгінде соғыс ардагері 91 жаста. Жүре алмауының салдарынан оның үйден шығуға мүмкіндігі шектеулі. Сол себепті ардагермен кездесу оның өз үйінде өтті. Денсаулығының нашарлығына қарамастан Иван Дмитриевич өзінің бұрынғы әріптестерін құшақ жайып, қуанышпен қарсы алды. Бұл күні жылдағы дәстүр бойынша майдангер кеудесінде ордендері мен медальдар тағылған салтанатты киімін киіпті.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ербол Шаймерденов майдангер қарияға зор денсаулық тіледі.
Иван Караваев 1925 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 1943 жылы артиллерия училищесін бітіргеннен кейін Украина майданына аттанды. Ол осы құраммен Днепрден Прагаға дейін, сондай-ақ Болгария, Венгрия, Австрия, Чехия және Словакия елдерін жаудан азат етуге қатысты.
Кеңес әскерлері Жеңіске қол жеткізген соң аға лейтенант Иван Караваев, фашистерді жеңген майдандас жолдастарымен бірге Қиыр Шығысқа Манчжурияны азат етуге үлес қосты. Артынша Германияның Подстам қаласына Кеңес әскері тобына жіберіліп, онда тағы да жеті жыл қызмет атқарды.
Ол — Мәскеу қаласында Ұлы Жеңіс күніне арналған алғашқы әскери шеруге қатысқан майдангер.
1952 жылы Қазақстанға оралды. Соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы Отанға қызмет етті. Бүгінде көлік полициясының зор мақтанышы. 20 жылға жуық көліктегі ішкі істер қызметінде жұмыс істеді.
Әріптес қонақтармен қоштасар алдында отставкадағы полиция полковнигі оларға көрсеткен құрметтері үшін алғысын білдіріп, қызметтеріне үлкен табыс тіледі.

 

Pin It

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *