Иран мұнай өндіруді шектеу жоспарына қосылуға ниетті

Ирандағы NIOC ұлттық мұнай компаниясының өкілі елдің өндірістің қалаған деңгейіне қол жеткізу себебімен Тегеранның мұнай өндіруді шектеу жоспарына қосылуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады Иранның  Press TV телеарнасы.

Бұған дейін Тегеран санкциялар енгізілгенге дейін болған (тәулігіне шамамен 4 миллион баррель) деңгейін және, тиісінше, әлемдік нарықтағы үлесін қалпына келтіру ниеті туралы мәлімдеген еді. Бұл позиция мұнай өндіруші елдердің 17 сәуірде Дохадағы кездесуі кезінде алауыздықтардың бір себебі болды.

NIOC мұнай компаниясының халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Мохсен Камсаридің мәлімдеуінше, Иран мұнай өндіру бойынша мақсатты көрсеткішіне қол жеткізді: ОПЕК-тің есептеуіне сілтеме жасаған ол тәулігіне 4,2 миллион баррель деген санды атады.

«Тиісінше, мұнай министрі (Биджан Зангане) ұмтылған санға қол жеткізілді, және біз мұнай өндіруді шектеу жоспарына қосыла аламыз», — деп жазады телеарна оның ирандық БАҚ-тарға мәлімдемесін.

Бұл ретте Камсари соңғы шешімді министр шығаратынын атап өтті.

Pin It

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *